Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ бойынша Павлодар облысы әкімдігі 2023 жылғы 14 сәуірдегі 2023 жылға арналған облыстық бюджетің көрсеткіштерін түзету туралы №87/2 қаулысына сәйкес жалпы сомада шығындар қарастырылды: 2023 жылы – 20 158 420,0 мың теңге, 2024 жылы – 22 056 018,0 мың теңге, 2025 жылы – 23 854 788,0 мың теңге.
2023 жылға шығындар15 ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінді
«Жергілікті деңгейде халық үшін жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер» 001 бағдарлама бойынша 216526,0 мың теңге сомасында қаражат жоспарланды, соның ішінде жергілікті бюджеттен 216526,0 мың теңге. Осы бағдарламаның мақсаты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Осы бюджеттік бағдарламамен 39,25 бірлік саны бар басқарманың аппаратын ұстауға қарастырылған, соның ішінде 32 адам мемлекеттік қызметкер және 7,25 адам техникалық қызметші.
По программе 002 «Предоставление специальных социальных услуг для престарелых и лиц с инвалидностью в медико-социальных учреждениях (организациях) общего типа, в центрах оказания специальных социальных услуг, в центрах социального обслуживания «Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» 002 бағдарлама бойынша еңбек ақы қорына, азық-түлік, дәрі-дәрмек шығыстарына, коммуналдық қызметтерге және келесі мекемелерде 506 қарт адам мен мүгедек адамды ұстау үшін өзге де шығыстарға 1259470,0 мың теңге сомасында жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылды, соның ішінде бюджетінен азаматтық қызметкерлердің жалақысын 1,45 және 2 коэфициентке арттыру үшін қаражат қарастырылған:
«Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау» 003 бағдарлама бойынша 2023 жылға жергілікті бюджеттен 120923,0 мың теңге. Қаражат 68 жаңа технологиялар бойынша протезді-ортопедиялық бұйымдармен мүгедектігі бар тұлғаларды қамту үшін қарастырылған.
«Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» 007 бағдарлама бойынша 2023 жылға жергілікті бюджеттен 8337,0 мың теңге. Қаражат 52 дана лицензиялаңған бағдарламаларды сатып алуға қарастырылған.
«Тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған балаларға арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, мүгедектігі бар балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» 012 бағдарлама бойынша «Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ 127 штаттық бірлігінің еңбек ақы қорына, 110 мүгедек балаға, соның ішінде 48 балаға күндізгі стационар жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету үшін, азық-түлік шығыстарына, дәрі-дәрмек шығыстарына, коммуналдық қызметтерге және келесі мекемелерді ұстау үшін өзге де шығыстарға 408587,0 мың теңге жергілікті бюджеттен жоспарланды, соның ішінде азаматтық қызметкерлердің жалақысын 1,45 және 2 коэфициентке арттыру жоспарланған.
«Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» 013 бағдарлама бойынша жергілікті бюджеттен 2465586,0 мың теңге, соның ішінде ен азаматтық қызметкерлердің жалақысын 1,45 және 2 коэфициентке арттыру жоспарлаңған. Аталған қаражат еңбек ақы қорына, психоневрологиялық аурулары бар 954 мүгедекті қамтамасыз ету үшін азық-түлік шығыстарын, дәрі-дәрмек шығыстарына, коммуналдық қызметтерге және келесі мекемелерді ұстау үшін өзге де шығыстарға келесі мекемелер бойынша жоспарланды:
«Облыстық психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ 540 адам қызмет алушы санымен 385,1 штаттық бірлік.
«Шалдай психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ 294 адам қызмет алушы санымен 228,65 штаттық бірлік.
«Константиновский психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ 120 адам қызмет алушы санымен 117,4 штаттық бірлік.
«Оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» 014 бағдарлама бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен 329829,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған. «Ардагерлер үйі» Павлодар облыстық мүгедектерді әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығы» КММ 115,5 штаттық бірлікке еңбек ақы қорына, азық-түлік, дәрі-дәрмек шығыстарына, коммуналдық қызметтерге және 92 қызмет алушыны ұстау үшін (жылына 25 кіру 12 күннен) өзге де шығыстарға 329829,0 мың теңге қарастырылды, соның ішінде азаматтық қызметкерлердің жалақысын 1,45 және 2 коэфициентке арттыру жоспарланған.
«Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық патологиялары бар мүгедектігі бар балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» 015 бағдарлама бойынша да қызметтерге жергілікті бюджеттен 535022,0 мың теңге сомасында қаражар қарастырылды, соның ішінде азаматтық қызметкерлердің жалақысын 1,45 және 2 коэфициентке арттыру үшін, еңбек ақы қорына, азық-түлік, дәрі-дәрмек шығыстарына, коммуналдық қызметтерге және 169 қызмет алушыға, соның ішінде стационар бойынша 51 қызмет алушы, күндізгі бөлімше бойынша 18 адамға, оңалту орталығы бойынша 100 адамға қызмет көрсету үшін келесеі мекемелер бойынша қаражат қарастырылған:
«Облыстық балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ 115,5 штаттық бірлігінің 69 қызмет алушыға 51 стационар, 18 күндізгі бөлімше;
«Облыстық балаларды оңалту орталығы» КММ 66 штаттық бірлігінің психоневрологиялық жүйесі бұзылған 100 қызмет алушыға;
«Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» 018 кіші бағдарлама бойынша Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыру арқылы қиын өмірлік жағдайда қалған қарттар мен мүгедектерге және зейтет жасқа жеткен азаматтарды сауықтыру бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін 319039,0 мың теңге сомада қаражат қарастырылған.
«Жергілікті деңгейде көші-қон шараларын іске асыру» 044 бағдарлама бойынша оралмандарды уақытша орналыстыру орталығының қызметі үшін штаттан тыс 9 бірліктің еңбек ақы қорына, коммуналдық қызметтер төлеуге, жанар-жағар май материалдарды және басқа тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға жергілікті бюджеттен жалпы 16959,0 мың тенге қарастырылды, соның техникалық қызметкерлердің жалақысын 1,45 коэфициентке арттыру жоспарланған.
«Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және күйіне келтіру» 053 бағдарлама бойынша республика бюджетінен 48552,0 мың теңге сомаға 2023 жылы мүгедек балаға 9 сөйлеу процессорын аустыруға жатады.
«Жастардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру» 063 бағдарлама бойынша несие сомасы 5000000 теңгеге дейін жастарға кәсіпкерлікті дамытуға жеңілдікпен несиелеуге қаражат қарастырылған, осы іс-шараға 785000,0 мың теңге қаражат жоспарланған;
«Ведомстволық бағыныстағы мекемелердің және ұйымдардың күрделі шығыстары» 067 бағдарлама бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына жалпы 167914,0 мың теңге қарастырылды, ол қаражат «Облыстық психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ автобус сатып алу үшін, және 4 мекемеге 569 құрал жабдық сатып алуға қарастырылды.
«Мемлекеттік-жекеше әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік мідеттерді орындау» 096 бағдарлама бойынша 20 мүгедектігі бар қарт адамға «Екібастұз қаласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын ұйымдастыру» МЖС жобасын іске асыруға жалпы 46881,0 мың теңге қаражат жоспарланған.
«Жергілікті бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер» 113 бағдарлама бойынша 13 429 795,0 мың теңге, соның ішінде:
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 10863,0 мың теңге аталған қаражат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 ақпандағы «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» № 26 бұйрығына өзгерістер еңгізуге байланысты мүгедектігі бар адамдарды бір жолғы катетерлермен 8 адамды қамтамасыз ету үшін 10863,0 мың теңге қарастырылған;
Жергілікті бюджет қаражатының есебінен 13418932,0 мың теңге, соның ішінде келесі іс-шаралар бойынша:
-еңбек нарығын дамыту үшін өңірлік квотаға енгізілген қоныс аударушылар мен қандастар үшін тұрғын-үй жалдау (жалға алу) үшін, жастар практикасы бойынша жұмыстарды үйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындардға жәрдем ақша беру, жаңа іс-идеяларды іске асыруға гранттар беруге, қоғамдық жұмыс орындарға жұмысқа орналастыруға, жұмысшы кадрларды қысқа мерзімде кәсіби оқыту, Бірінші жұмыс орнына, Күміс жас жұмыс орнына орналастыруға, аймақтық квотаға енгізілген қандастар мен қоныс аударушыларға тұрғын үйді жалға алу үшін субсидиялар беру, 6090972,0 мың теңге сомаға қаражат қарастырылған;
-мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 ақпандағы «Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы» № 26 бұйрығына сәйкес медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер бойынша мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен, мүгедектігі бар адамдарды конференцияларға, пікірталастарға және басқа да қоғамдық іс-шараларға қатысуы уақытында, олардың оқуына, жұмысқа орналасуына, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауына және іске асыруына, мемлекеттік органдар мен консультациялық ұйымдарда ақпарат алуына, қажетті құжаттарды ресімдеуіне байланысты мәселелерді шешуі үшін еститін адамдармен араласуы кезінде ымдау тілінен және ымдау тіліне кәсіби аударма жасауға байланысты әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етуге, жеке көмекшілерге, бір жолғы катетерлермен қамтамасыз ету үшін 714950,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды.
-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге Қазақстан Республикасының «Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңңамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу шеңберінде кейбір халық санаттарына шартты және шартсыз көмек төлемдері қарастырылған, оны іске асыруға 1368985,0 мың теңге қаражат жоспарланған. Осы шаралармен кірістері ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен төмен халықтың санаты қамтылады.
-кепілдірілген әлеуметтік пакетпен қамтуға азық-тұлік жиынтықтармен және тұрмыстық химия пакеттермен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтамасыз етуге 213392,0 мың теңге қаражат қарастырылды.
- үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыруға 2023 жылға жалпы 353829,0 мың теңге сомасында адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге, жартылай стационар және үйде күту жағдайында мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қаражат қарастырылды.
- мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындар құруға жұмыс беруші шығыстарын субсидиялауға әзірленген жеке оңалту бағдарламаларына (кәсіби бөлігі) сәйкес 13 мүгедектігі бар азаматтарға арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін 13455,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды.
- Әлеуметтік қызмет порталы арқылы мүгедектігі бар 1938 адамды санаторлы-курорттық қызметпен, 528 дана сурдоқұралдармен, 948 дана тифлоқұралдармен, 518 арнайы жұріп тұру (кресло-арбамен), 2375 протезды – ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етуге, осы іс-шаралды іске асыру үшін 875065,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды;
-«Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыруға жұмыс берушілерге субсидиялар, аймақтық квотаға енгізілген қандастар мен қоныс аударушыларға экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру үшін 3785800,0 мың теңге сомаға қаражат қарастырылған.
- кәсіби біліктілікті тану жүйесін әзірлеу үшін 2484,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды;