Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 111/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулы жобасын әзірледі (бұдан әрі – Жоба).
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік- процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес әзірленді.
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес келетін ережені бекітіледі.
Жобаны қабылдаудың теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе салдары жоқ.
Жоба 2022 жылғы 15 қарашада «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14296129 сілтеме бойынша орналастырылды.