Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ бойынша 2022 жылға 14 ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша – 15602801,0 мың теңге қаражат бөлінді. Оның игерімі 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 99,7% құрады.
«Жергілікті деңгейде халық үшін жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер» 001 бағдарлама бойынша 212934,0 мың теңге сомасында қаражат жоспарланды, соның ішінде жергілікті бюджеттен 211223,0 мың теңге, техникалық персоналдың жалақысын 1,23 коэффициентке ұлғайтуға республикалық бюджеттен 751,0 мың теңге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 960,0 мың теңге сомасында. Осы бағдарламаның мақсаты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Осы бюджеттік бағдарлама 38,25 бірлік саны бар басқарманың аппаратын ұстауға қарастырылған, соның ішінде 31 адам мемлекеттік қызметкер және 7,25 адам техникалық қызметші.