Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» № 418/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облысы мәслихат шешімінің жобасын әзірледі (бұдан әрі - Жоба).
Жоба Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» № 417 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоба мәслихат шешіміне өзгерістерді енгізуге мүмкіндік береді, атап айтқанда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру үшін «мүгедек» деген сөз «мүгедектігі бар адам» сөздермен ауыстырылады.
Осы шешімнің жариялануына жауапты болып «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ белгіленсін.