Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 81/1 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27427 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы "Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша қосымша шаралар туралы" № 335/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4163 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.О. Өтешовке жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.