Жергілікті атқарушы органның 2022 жылғы 3 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

1.Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 15-бабы 3-тармағына сәйкес облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының функцияларына «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету жатады.

Осы қызмет Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларымен (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығы) қағидаларға сәйкес көрсетіледі.

2022 жылғы 3 айында 70 азаматқа оралман куәлігі берілді және ұзартылды (Гос.корпорация арқылы). Құжаттарды ресімдеу, куәліктерді беру заңнамамен белгіленген мерзімдерде жүргізілді, куәліктерді беруді тіркеу арнайы тігілген және нөмірленген журналдарда жүргізілді.

Құжат топтамасы толық емес болуына байланысты 23 азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетуге бас тартылды.

2. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидаларымен регламенттелген (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығы).

Жергілікті атқарушы органның 2022 жылғы 3 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі
Дата публикации
05 апреля 2022