Бүгінгі күні кедейшіліктің нақты деңгейі және жұмыссыздық проблемалары бойынша келесі жағдай байқалуда.
Халықтың кірістерінің қазіргі жағдайы теріс үрдіске ие. Мысалы, номиналды кірістердің 2010 жылы 46,7 мың теңгеден 2021 жылы 136,8 мың теңгеге дейін (2021 жылғы 3-тоқсан) тұрақты оң серпініне қарамастан халықтың нақты кірістерінің өсу қарқыны төмендеуде (2019 жылы 8,6%, 2020 жылы 5,0%). Бұл экономикалық өсудің баяулауына (2020 жылы -3,1%, 2021 жылдың 9 айында 3,2%) және 2022 жылы да сақталатын жоғары инфляциялық қысымға (2020 жылы 7,9%, 2021 жылы 8,3%) байланысты.
Нақты кірістің тұрақты серпініне қарамастан облыста еңбек кірістерінің төмен болуы проблемасы және соның салдарынан өзін-өзі жұмыспен қамтудың және халықтың көшіп кету үлесінің жоғары болуы байқалады.
Бұдан басқа, кедейшілік мәселесі мынадай проблемалармен күрделендіріледі:
Теңсіздіктің өсуі. Теңсіздіктің өсуі және орташа (219 884 теңге) мен медиандық (161 270 теңге) жалақы арасындағы алшақтықтың артуы байқалады. Облыста аталған алшақтық 1,3 есені құрайды.
Жұмыс істейтін кедейлердің өсуі (жалдамалы жұмысшылар арасындағы кедейшілік). Халық кірісінің құрылымын талдау соңғы 10 жылда халықтың еңбек кірісінің үлесі 5,2 п.т. төмендегенін көрсетіп отыр (2010 жылы 78,8/%-дан 2021 жылғы 3-тоқсанда 73,6%-ға дейін), сол уақытта әлеуметтік трансферттер үлесі 8 п.т. өсті.
2015 жылдан бастап әлеуметтік трансферттердің өсуі (2,4 п.т-ға 22,4%-ға дейін) мемлекет бюджетіне жүктемені күшейтетінін атап кеткен жөн, бұл барлық қажеттіліктерді өтеу әлеуетіне қауіп төндіреді.
Нәтижелі емес жұмысбастылықтың жоғары үлесі. Бүгінде жұмыс істейтін халықтың үлкен бөлігі нәтижелілігі төмен еңбекпен айналысады және төмен кірістерге ие болып отыр. Бұл экономикада жоғары деңгейлі дағдыларды талап етпейтін жұмыс орындарының құрылуымен түсіндіріледі, бұл өз кезегінде өнімділік пен жалақыға әсер етеді.
Оның себебі кірістің өсуінде айтарлықтай әлеуетке ие өңдеу өнеркәсібінің, әсіресе жоғары технологиялық кәсіпорындардың (жоғары бөліністі өнімдерді шығаратын) әлсіз дамуында болып отыр.
Осыған байланысты, жұмысбастылықты қамтамасыз ету үшін жұмыс күшінің дағдыларын арттыру қажет, оның ішінде жоғары өнімді жұмыс орындарын құру арқылы.