Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы
|
Р/с № |
Іс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Орындау мерзімі |
Жауаптылар |
|
1 |
Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде қызметкерлердің шектеулерді қабылдау және кірістер мен мүлік туралы декларацияны уақытында тапсыруды қамтамасыз ету |
Декларация тапсыру туралы анықтама |
Жыл сайын 15 қыркүйекке дейін және мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде |
Ұйымдастыру- құқықтық және азаматтардың өтініштері бөлімі, басқарманың бөлімідері |
|
2 |
ҰҚК органдарында жаңа қабылданған мемлекеттік қызметкерлерге арнайы тексерістен өтуді қамтамасыз ету |
ҰҚКД сұрау салу |
Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде |
Ұйымдастыру- құқықтық және азаматтардың өтініштері бөлімі |
|
3 |
Мемлекеттік қызметшіні «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курстарына жіберу |
Сертификат |
Жылдың ішінде |
Ұйымдастыру- құқықтық және азаматтардың өтініштері бөлімі |
|
4 |
Құқықтық сауаттылық бойынша жалпыға оқыту жүргізу
|
Хаттамалар |
Жоспарға сәйкес |
Ұйымдастыру- құқықтық және азаматтардың өтініштері бөлімі |
|
5 |
Басқармада, сондай-ақ басқарманың ведомстволық бағынысты мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу |
Аналитикалық анықтама |
Жыл бойы |
Ұйымдастыру- құқықтық және азаматтардың өтініштері бөлімі |
|
6 |
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, хаттары үшін пошталық жәшікті, «сенім телефоны» қызмет етудің оң тәжірибесін кеңейту |
БАҚ-та жариялау, заңнамаға сәйкес өтініштерді тіркеу |
БАҚ үшін -тоқсан сайын, өтініштерді тіркеу үшін - күн сайын |
Ұйымдастыру- құқықтық және азаматтардың өтініштері бөлімі |
|
7 |
Басқарманың әкімшілік ғимаратында шағымдар, пікірлер мен ұсыныстар салу үшін орнатылған арнайы пошта жәшіктерінде, «сенім телефоны» бойынша азаматтардан түскен шағымдары мен өтініштерінің талдауы арқылы сыбайлас жемқорлық көріністердің мониторингін жүргізу |
Мониторинг |
Тоқсан сайын |
Ұйымдастыру- құқықтық және азаматтардың өтініштері бөлімі |
|
8 |
«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту», «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту», «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту», «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметін уақытында және сапалы көрсету |
Куәлік, рұқсат беру |
Үнемі |
Көші-қон бөлімі |
|
9 |
Ақпаратты «Әділет» бұқаралық ақпарат құралдарында және ақпараттық-құқықтық жүйеде ресми жариялауға жіберу; қаулыларды Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында және басқарманың сайтында орналастыру.
|
Ақпарат |
Әділет Министрлігінде облыс әкімдігінің қаулыларын мемлекеттік тіркеуден кейін 10 күнтізбелік күн ішінде |
Ұйымдастыру- құқықтық және азаматтардың өтініштері бөлімі |
|
10 |
Сыбайлас жемқорлықтыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа халықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» бөлімін басқарма веб-сайтында жаңартып отыру |
Басқарманың веб-сайтына ақпарат |
Айына 1 реттен кем емес |
Ұйымдастыру- құқықтық және азаматтардың өтініштері бөлімі экономика, қаржылық есептілік және мемлекеттік сатып алу бөлімі |