Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ бойынша Павлодар облысы мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 78/8 шешімімен жалпы сомада шығындар қарастырылды: 2021 жылы – 11645360,0 мың теңге, 2022 жылы –3573521,0 мың теңге, 2023 жылы – 3643973,0 мың теңге.
2021 жылға 15 ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінді.
«Жергілікті деңгейде халық үшін жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер» 001 бағдарлама бойынша 224593,0 мың теңге сомасында қаражат жоспарланды. Осы бағдарламаның мақсаты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Осы бюджеттік бағдарламамен 46 бірлік саны бар басқарманың аппаратын ұстауға қарастырылған, соның ішінде 38 адам мемлекеттік қызметкер және 8 адам техникалық қызметші.