Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2021 жылға қазан айына нақтылаңған бюджетің жобасы

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ бойынша Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қазандағы «2021 жылға арналған облыстық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы «2021 - 2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 534/44 шешімін іске асыру туралы» № 281/5 қаулысына өзгерістер еңгізу туралы» № 280/8 қаулысымен жалпы сомада шығындар қарастырылды: 2021 жылы – 12280145,0 мың теңге,  2022 жылы –3573521,0 мың теңге,  2023 жылы – 3643973,0 мың теңге.

2021 жылға 15 ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінді.

            «Жергілікті деңгейде халық үшін жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер» 001 бағдарлама бойынша 235379,0 мың теңге сомасында қаражат жоспарланды. Осы бағдарламаның мақсаты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.  Осы бюджеттік бағдарламамен 46 бірлік саны бар басқарманың аппаратын ұстауға қарастырылған, соның ішінде  38 адам мемлекеттік қызметкер  және 8 адам техникалық қызметші.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2021 жылға қазан айына нақтылаңған бюджетің жобасы
Дата публикации
27 октября 2021