2021 жылдың желтоқсан айына арналған бюджеттік бағдарлама

БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА
2563003 "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ
бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды және атауы
2021 - 2023 жылдарға арналған

Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:

1) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 мамырдағы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 44-VII ҚРЗ Заңы;

2) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» № 39 Заңы;

3) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңы;

4) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» № 36 Заңы;

5) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» № 114-IV Заңы;

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы ____ желтоқсандағы «2021 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №840 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № ____ қаулысы;

7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» №746 қаулысы;

8) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы «Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы бекіту» № 55 өкімі;

БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА 2563003 "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды және атауы 2021 - 2023 жылдарға арналған
Дата публикации
31 декабря 2021