Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қагидаларының 22-тармагына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Еңбек жэне халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №17 «Квота бөлу туралы» бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:
1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоргау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жүмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Еңбек жэне халықты әлеуметтік қоргау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын;
2) осы бүйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жүмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына жэне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бүйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек жэне халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің торағасы Е.Ж. Нүргалиевке жуктелсін.
4. Осы бүйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.