Аз қамтылған азаматтарды қолдау

2021 жылдың есептік кезеңінде облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен 5094 аз қамтылған отбасы (оның ішінде 20097 адам) қамтылды.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 5438 бала азық - түлік жиынтығы мен гигиеналық құралдардан тұратын кепілдік берілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілген.

Ағымдағы жылдың 4 тоқсанында АӘК - ке өтініштерді қабылдау "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі-ЭҮП) арқылы және баламалы негізде халықты жұмыспен қамту немесе ауылдық округтердің әкімдіктері арқылы жүзеге асырылады.

 Интернетке қол жеткізе алмайтын адамдар үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, халықты жұмыспен қамту орталықтары, облыстың қалалары мен аудандарының ауылдық округтері әкімдіктері жанынан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған, олар арқылы АӘК тағайындауға өтініш бере алады.

Павлодар облысы бойынша 2021 жылдың 3 тоқсанына жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 39963 теңгені құрады. Тиісінше, кедейлік шегінің мөлшері - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - ы-ағымдағы жылдың 4 тоқсанында 27974 теңгені құрайды.

Аз қамтылған азаматтарды қолдау
Дата публикации
15 октября 2021