2020 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағытын (еңбек ресурстарының ұтқырлығы) іске асыру қорытындылары

Қоныс аудару шеңберінде 2020 жылы Павлодар облысына 2101 адам (452 отбасы) келді, оның ішінде қаны 555 адам (119 отбасы), қоныс аударушылар 1546 (339 отбасы).

Қоныс аударушылар қатарынан 1131 адам еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар болып табылады, оның ішінде 796 адам тұрақты жұмыс орындарына (71%), 37 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

Қоныс аудару бойынша іс-шараларды іске асыру үшін тұрғын үй салу және сатып алу көзделген. Жыл қорытындысы бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктері қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы және қандастар шеңберінде келгендерге 307 пәтер сатып алды.

2020 жылдың қорытындысы
Дата публикации
20 января 2021