УКЗСП Павлодарской области

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Арнаулы әлеуметтік қызметтер

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша ақпарат

 

Қазіргі уақытта халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзекті мәселе өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту болып табылады. Павлодар облысында есепті кезеңде аталған адамдарды қамту 9232-ден астам адамды немесе арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдардың жалпы санының 99,1%-ын құрады.

Облыста "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын іске асыру және әлеуметтік мекемелер желісін кеңейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Өңірде Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бағынысты 8 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. Бұл субъектілер өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға стационар, жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. 2020 жылы медициналық-әлеуметтік мекемелермен арнаулы әлеуметтік қызметтермен 2848 адам қамтылды.

2020-2021ж. ЖҚЖК шеңберінде басқармаға бағынысты 6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ағымдағы жөндеу жұмыстарына көзделген сома 395,3 млн.теңгені құрады. Конкурс қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарының құны 277,6 млн.теңгені құрады.

Облыстың 2 қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне ведомстволық бағынысты Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталықтары (Павлодар қ. - 220 орынға, Екібастұз қ. - 50 орынға), тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы жұмыс істейді. 2020 жылы қайта әлеуметтендіру орталықтарында ЖҚЖК бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 32,8 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, арнаулы әлеуметтік қызметтерді қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанындағы 17 үйде қызмет көрсету бөлімшесі және ауылдық округтердегі 107 қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері аталған субъектілермен 3243 қарт және еңбекке жарамсыз адам қамтылды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 17 үкіметтік емес сектор күшімен мұқтаж мүгедектерге және психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, жалпы ауруы бойынша 1, 2 топтағы мүгедектерге және қарттарға үйде күтім жасау және күндіз болу (жартылай стационар) жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

 

 

2020 жылы ҮЕҰ күшімен жартылай стационар және үйде күтім көрсету жағдайында қызмет көрсетуге қаражат 372,5 млн.теңгені құрады (нысаналы республикалық трансферттер – 284,9 млн. теңге, жергілікті бюджет – 84,6 млн. теңге). ҮЕҰ қызметтерімен 1048 мұқтаж адам қамтылған, оның ішінде жартылай стационар жағдайында – 507 адам, үйде күтім көрсету жағдайында - 520 адам, уақытша болу жағдайында – 21 адам.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып, төрт жоба іске асырылуда.

Облыста зейнеткерлердің денсаулығын сақтау үшін "Жемчужина долголетия" демалыс үйінің базасында зейнеткерлік жасқа жеткен қарт адамдарға әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Есепті кезеңде 860 қарт адам сауықтыру қызметтерін алды.

Ақсу қаласында мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің оңалту орталығы пайдалануға берілді. Жоба шеңберінде стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы мүгедек балаларға жан-жақты көмек көрсетіледі. Жыл басынан бері 52 бала қамтылды.

Сондай-ақ, 20 орындық "Ақсу қаласында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығын ұйымдастыру" жобасы іске асырылуда. Мақсаты - белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар арасынан өмірлік қиын жағдайға тап болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.  

Әлеуметтік мекемелер желісін дамыту мақсатында Ақсу қаласында қарттарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған пансионат жұмыс істейді. Мақсаты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалану шеңберінде жеке бизнес өкілдерінің стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес облыстың қарт адамдарына стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

Документы
Анықтама
02 июля 2026
Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
"Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Бұйрық
23 июня 2021
Баспасөз релизі стандарттарды өзгерту
Ақпарат
18 февраля 2021
2021 жылғы қантардағы айына халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша ақпарат
Новости
Полезные материалы
2021 - 2022 жылдарға арналған жылу беру маусымына дайындық туралы ақпарат.
«Екібастұз қаласында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін орталықты ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын бастамашылық ету жөнінде ХАБАРЛАМА
Арнаулы әлеуметтік қызметтер
Медиагалерея
0
Қазақстанда арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары жетілдірілді
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
«Шалдай психоневрологиялық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы» КММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы