
2015 жылдан бастап мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция ратификацияланды, ол физикалық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени ортаның, Денсаулық сақтау мен білімнің, сондай-ақ ақпарат пен байланыстың қол жетімділігінің маңыздылығын көрсетеді, өйткені ол мүгедектігі бар адамдарға барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық пайдалануға мүмкіндік береді.
Мүгедектігі бар адамдарға тәуелсіз өмір салтын жүргізуге және өмірдің барлық аспектілеріне жан-жақты қатысуға мүмкіндік беру үшін мүгедекттігі бар адамдардың басқалармен тең дәрежеде физикалық ортаға, көлікке, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерді қоса алғанда, ақпарат пен байланысқа, сондай-ақ халыққа ашық немесе ұсынылатын басқа да объектілер мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін қалалық және ауылдық жерлерде тиісті шаралар қабылдау қажет..
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің, олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға кірігуі үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларын айқындайды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 27 маусымдағы № 129-VII Қазақстан Республикасының Заңымен «мүгедек» деген кемсітушілік термин алынып тасталды және «мүгедектігі бар адам» деген терминге ауыстырылды.
Барлық мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде мүгедектігі бар балалар әзірленген абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасы шеңберінде ұсынылған қызметтермен және оңалту құралдарымен әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қамтамасыз етіледі.
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдайға сәйкес Павлодар облысында 28107 мүгедектігі бар адамдар тұрады, оның ішінде бірінші топ - 3775 адам, екінші топ - 11134, үшінші топ - 9813, мүгедектігі бар балалар - 3385.
Павлодар облысы бойынша облыс бойынша мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау 2022 жылғы 1 қарашаға 79,5%-ды құрайды.
Ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне келіп түскен өтініштер саны - 18399 құрады, оның ішінде 14622 өтініш пысықталды.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі-АОЖБ) сәйкес есту протездік, протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Мүгедектік тобы және АОЖБ болмаған жағдайда, мүгедектік тобын белгілеу және АОЖБ әзірлеу үшін тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну қажет.
Қажетті құжаттарды алғаннан кейін Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен өтініш беріңіз:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ;
- тіркеу орны бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
- «электрондық үкіметтің» веб-порталы;
- ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.
Абилитация мен оңалтудың техникалық құралдарын, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді ұсыну әлеуметтік қызметтер порталы www.aleumet.egov.kz немесе мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
ОТҚ ауыстыру мерзімдері 2023 жылғы 30 маусымдағы Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету № 287 қағидаларында көрсетілген.