Фронтофис инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде бастапқы айналымнан және жобаны алдын ала пысықтаудан бастап оны практикалық іске асыруға дейін инвесторларды кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етеді Фронтофис өз қызметі шеңберінде инвесторларға консультациялық ақпараттықталдамалық және ұйымдастырушылықүйлестіру қолдауын көрсетеді, жер учаскелері мен өндірістік алаңдарды іріктеуге, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылға сондай-ақ инвестициялық жобаларды дайындау және іске асыру процесінде туындайтын өзге де мәселелерді шешуге жәрдемдеседі "Павлодар" ӘКК " АҚ Фронтофисі-инвесторлар үшін инвестициялық мүмкіндіктерді іздеуден және алаңдарды таңдаудан бастап жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге дейінгі өзара іс-қимылдың бірыңғай нүктесі Біздің мекен-жайымыз Павлодар қ. Луговая к-сі 16 каб417 📞 Телефон 8 (7182) 65-13-15 📧 E-mail: invest.pavlodar.kz@gmail.com
Өңір экономикасында оң динамика сақталып отыр. Өнеркәсіп өндірісі 8%-ға өсіп, инвестиция көлемі 961,3 млрд теңгеге жетті. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,3%-ды құрап, республикалық көрсеткіштен 4,5%-ға асып түсті. Өңдеу өнеркәсібі 11,5%-ға, ауыл шаруашылығы 6,8%-ға, құрылыс саласы 18,8%-ға өсті. 265,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
⠀
Облыстық бюджет кірістері 372,3 млрд теңгені құрап, бюджеттің атқарылу деңгейі 99,8%-ға жетті - республика бойынша 3 орын. Асайын Байханов әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
⠀
Жылдың 9 айында 16 382 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл жоспардың 91,4%-ын құрайды. Әр 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру бастамасы аясында 5 722 жұмыс орны ашылып, жоспар 129,2%-ға орындалды.
⠀
Республика күніне орай облыста 2 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарлануда. Негізгі іс-шаралардың бірі - 25 қазанда өтетін Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі.
Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 8,0% өсіммен 3 287,6 млрд теңгеге өнім шығарды. Үлес салмағының 57,3% өңдеу саласына тиесілі.
📊 Өңдеу секторында 2025 жылға қаңтар-қыркүйекке қарай 11,5%-ға өсті, оның ішінде:
🔩 дайын металл бұйымдарын өндіру 53,8%-ға;
🏗️ құрылыс индустриясы 33,9%-ға;
🏭 мұнай өңдеу 28,7%-ға;
🧪 химия өнеркәсібі 25,0%-ға;
⚙️ машина жасау 15,4%-ға;
🧤 жеңіл өнеркәсіп 6,3%-ға.
Экспозицияда Павлодар облысының 40-тан астам кәсіпорынының, оның ішінде «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының қатысушыларының өнімдері ұсынылды.
Көрме өңірдің қуатты өндірістік базасын, локализацияның жоғары деңгейін, шығарылатын өнімнің сапасын және жаңа экспорттық бағыттарға дайындығын айқын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 327 бұйрығымен Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру бойынша мемлекеттік қызыметті көрсету қағидалары бекітілді.
Осы мемлекеттік қызметті «электрондық үкімет»
веб-порталы арқылы көрсету бойынша уәкілетті мемлекеттік орган болып «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпаратты 8 (7182) 323 336 телефоны арқылы алуға болады.
Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 7,6% өсіммен 2 925,0 млрдтенгеге өнім шығарды. Үлес салмағының шамамен 57,2% өндеу саласына тиесілі.
Өндеу секторында 2025 жылға қаңтар - тамызға қарай 11,3%-ға өсті, оның ішінде:
- құрылыс индустриясы 39,2%-ға;
- дайын металл бұйымдарын өндіру 38,8%-ға;
- мұнай өндеу 31,7%-ға;
- химия өнеркәсібі 26,3%-ға;
- машина жанау 15,6%-ға;
- жеңіл өнеркәсіп 7,4%-ға;
- металлургия 4,1%-ға;
- тамақ өнімдерін өндіру 4,0%-ға.
Күн тәртібінде Павлодар қаласы мен Баянауыл ауданының жаңа жобалары қаралды. Сондай-ақ жаңа тизерлер қаралып, АӨК жобалары бойынша стратегиялық сессия өткізілді.
Әрбір мәселе бойынша объектіні пайдалануға беру және жобалық қуатқа шығу кезеңіне дейін әрбір инвесторды жедел шешу және сүйемелдеуді күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
MİRYILDIZ KZ LTD инвестициялық компаниясының басшылығымен өткен кездесуде Баянауыл ауданындағы мыс кен орнында тау-кен байыту кешенін салу жобасын іске асыру мүмкіндіктері қаралды. Түркиялық қатысуы бар компания өңірде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, жер қойнауын пайдалануға берілген учаскелер бойынша лицензияларға ие.
Mercuria – Wanji Holding Group халықаралық консорциумының өкілдерімен Екібастұз қаласынан 30 шақырым қашықтықта қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын және электрометаллургиялық зауыт салу мүмкіндігі талқыланды.
Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 мың тұрақты жұмыс орнын құру көзделіп отыр.
Асайын Байханов Павлодар облысының ірі инвестицияларды тартуға және өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
Кездесулер қорытындысы бойынша ұсынылған жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне қатысты мәселелерді жан-жақты пысықтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Достық үйінде инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелері талқыланған форум өтті. Оған прокуратура органдарының, мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес өкілдері және өңірдің 100-ге жуық инвесторы қатысты.
Форумды ашқан Павлодар облысының прокуроры Алмат Байшолақов инвестициялық ахуалды нығайту үшін мемлекет пен бизнестің тиімді өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараға өңір басшысы Асайын Байханов қатысты. Өз сөзінде ол инвестиция тарту - бұл өңірдің қаржылық әлеуетін арттыру ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашудың, өндірісті дамытудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың негізі екенін атап өтті.
- Біз үшін инвестицияның көлемі ғана емес, сапасы да маңызды. Біздің басты міндетіміз - жобаларды іске асыру және жұмыс жүргізу үшін барынша қолайлы жағдай жасау, - деді облыс әкімі.
Бүгінде Павлодар облысының инвестициялық портфелінде жалпы құны 12 трлн теңгеден асатын 161-ден астам жоба бар. Оларды іске асыру нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Инвестициялық жобалар экономиканың негізгі салаларын қамтиды. Атап айтқанда, энергетика, машина жасау, көмір химиясы, мұнай-химия, металлургия, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және логистика, туризм, экология және басқа да бағыттар. Өңір жаңа инвесторлар үшін ашық және мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын, сондай-ақ қажетті инфрақұрылымдық шешімдерді ұсынуға дайын.
Форумда прокуратура органдары тарапынан бизнесті қорғау тетіктеріне де ерекше назар аударылды. Әкімшілік кедергілерді жою бағытындағы жұмыстың тәжірибелік нәтижелері туралы айтылды.
Форумда талқыланған өзекті мәселелердің бірі - инвестициялық жобаларды электр қуатымен қамтамасыз ету болды. Өңірдің энергетикалық әлеуеті айтарлықтай болғанына қарамастан, жекелеген жобалар бос электр қуаттарының болмауы немесе электр желілерінің өткізу қабілетінің шектеулі болуына байланысты қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Осыған байланысты прокуратура облыс әкімдігімен бірлесіп, «Инвестициялық жобаларға арналған өңірлік энергетикалық резерв» пилоттық тетігін сынақтан өткізетін болады. Оның мақсаты - өңірдің инвестициялық портфелін энергетикалық мүмкіндіктермен алдын ала сәйкестендіріп, жобаларды жоспарлау кезеңінде қолжетімді қуаттарды, қосылу орнын және оларды қамтамасыз ету мерзімдерін айқындау.
Іс-шара барысында кәсіпкерлер инвестициялық жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. Қатысушылар бизнестің, жергілікті атқарушы органдар мен прокуратураның тиімді өзара іс-қимылы әкімшілік кедергілерді уақтылы анықтауға, инвесторлардың құқықтарын қорғауға және өңірде жобаларды ұзақ мерзімді іске асыруға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
2026 жылғы қаңтар-шілде негізгі капиталға салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-шілдеге қарай 11,9%-ға өсіп, 646,6 млрд.теңгені құрады, оның ішінде өндеуші секторда инвестициялар 158,6 млрд.тенгені құрады.
Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 7,1% өсіммен 2 548,2 млрд.тенгеге өнім шығарды. Үлес салмағының шамамен 57,1% өндеу саласына тиесілі.
Өндеу секторында 2025 жылға қаңтар- шілдеге қарай 10,7%-ға өсті, оның ішінде:
-құрылыс индустриясы 46,6%-ға;
-мұнай өндеу 34,5%-ға;
- дайын металл бұйымдарын өндіру 31,3%-ға;
- химия өнеркәсібі 30,2%-ға;
- машина жанау 14,1%-ға;
- жеңіл өнеркәсіп 9,0%-ға;
- тамақ өнімдерін өндіру 3,7%-ға;
- металлургия 2,9%-ға.