ОБЛЫС КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ОБЛЫС КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Облыстың отандық тауар өндірушілерін қолдау мақсатында өңірлік деңгейде облыс әкімінің орынбасары С. Б. Шаяхметовтың төрағалығымен жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі Комиссия жұмысі стейді.

Бұл тұрақты жұмыс істейтін Комиссия, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, облыс кәсіпорындарының өкілдері кірді.

Өңірлік деңгейде мемлекеттік сектордың, квазимемлекеттік сектордың, табиғи монополиялар субъектілерінің, жүйе құраушы кәсіпорындардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу мәселелері қаралады.

Оның ішінде:

-Мемлекеттік сатып алуда, квазимемлекеттік секторды, табиғи монополиялар субъектілерін, жүйе құраушы кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушыларды сатып алуда және мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама жобаларында жергілікті қамтудың жергілікті қамту көлемі мен үлесіне бақылауды қамтамасыз етеді және мониторинг жүргізеді;

- сатып алу мәселелері бойынша кәсіпкерлердің өтініштерін қарайды;

- импорты алмастыру саясатын жүзеге асырады.

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығына жергілікті тауар өндірушілердің мәселелерін қарауды жүйелеу мақсатында комиссия отырыстарын өткізу жоспарланып отырған салалар айқындалды.

Бұл химия, жиһаз, жеңіл, тамақ және тау-кен өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, машина жасау, металлургия.

Құрметті тауар өндірушілер!

Сіздерді осы диалог алаңын пайдалануға шақырамыз.

Барлық сұрақтар бойынша облыстың кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық даму басқармасына 78 78 33, 78 78 31 телефондары арқылы немесе өз ұсыныстарыңызды эл. жолдауларыңызды сұраймыз. мекен-жайы: 323043@mail.ru