Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі (бұдан әрі – Astana hub) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша бесінші бағыты – инновациялық экожүйені дамыту – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылды. Технопарк өз қызметін Министрлікпен және «Зерде «ҰАХ» АҚ-мен бірлесіп жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 23 тамыздағы Қарағанды қаласында елдің индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі кеңес барысында айтылған тапсырмасы шеңберінде: «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі құратын «жаңа экономика» салаларында отандық әзірлемелерді алу үшін бірыңғай инновациялық экожүйе шеңберінде өңірлік технопарктердің қызметін күшейту» өңірлік акселераторлар мен инкубаторлардың басшыларын оқыту және тәлімгерлік бойынша бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама технопарктердің, акселераторлар мен инкубаторлардың басшылары мен қызметкерлерін оқытуға бағытталған, инновациялық бос кеңістікті құру процесін қамтиды. Инновациялық бос кеңістік - бұл инновациялық идеяларды қалыптастыруға, стартаптарды іздеуге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешені. Оқыту а.ж. 10-11 тамыз аралығында тегін онлайн форматта өтеді.
Оқуға өз бетінше өтінім беру www.astanahub.kz өңірлерді дамыту - бағдарлама бөліміндегі сайтта қол жетімді.
Өтінім беру сұрақтары бойынша community, бағдарламалар, өңірлік даму және ивенттер департаментінің аға менеджері Е. Ахметовке
тел. және email: 8-702-520-71-49, y.akhmetov@astanahub.kz хабарласуға болады.