А.ж. 31 қазанда облыс әкімдігінде «Өнеркәсіпті цифрландыру – технологиялық өзгерістердің негізгі драйвері» тақырыбына семинар өтті.
Семинар жұмысына облыстың 50 аса кәсіпорны қатысты.
Қазақстан Республикасының өнеркәсібін цифрландыру тұжырымдамасы туралы облыс индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Н.Ж. Сейітмағамбетов баяндады.
Қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы «ҚИДИ» АҚ қолдау құралдары орталығының сарапшысы Айсұлу Жанбаракқызы Жалмұрзина баяндады. Индустрия 4.0 технологиялар саласындағы әлемдік трендтер туралы Siemens Қазақстан халықаралық компаниясының өкілі Данис Рафисович Набиуллин баяндады.
Семинар қатысушылары семинар тақырыбына және қолданыстағы қолдау шараларына қызығушылық білдірді.