Ағымдағы жылғы 16 тамызда Павлодар қаласының Инвестор үйінде «Заманауи ақпараттық технологиялар және бизнес» II аймақтық IT форумы өтті.
Форумды өткізудің мақсаты өңірдің ақпараттық қауымдастығын дамыту, халық пен бизнес арасында IT-технологияларды танымал ету, адам капиталы мен сандық экожүйені прогрессивті дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасын және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін орта қалыптастыру, сондай-ақ Форумға қатысушылар арасында іскерлік байланыстарды дамыту болып табылады.
Форумда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Қ. Жұмағалиев, Павлодар облысының әкімі Б.Ж Бақауов, "Зерде" ҰАКХ " АҚ Басқарма төрағасының орынбасары П.В. Коктышев, "ҰАТ" АҚ Басқарма төрағасының м.а. Д Р. Қадыров, "Astana HUB" бас директоры Joseph Kenneth Ziegler, IT саласындағы тәуелсіз сарапшы Минус Құрмашев, сондай-ақ ірі отандық және халықаралық IT-компаниялар баяндама жасады.
Форум шеңберінде экономика, соның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен салаларын цифрландыру саласында IT-шешімдер көрмесі, сондай-ақ жергілікті әзірлеушілердің startup - жобаларының жәрмеңкесін өткізілді. Сондай-ақ цифрландыру күндері шеңберінде өмірдің 11саласының типтік жобаларын талқылау бойынша жергілікті атқарушы органдар және IT-компаниялармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.