Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы Жарлығына сәйкес облыста «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы құрылды (2036 жылға дейін).
АЭА құрудың негізгі мақсаттары:
1) химия, мұнай-химия салаларын, атап айтқанда, жоғары технологиялық экологиялық қауіпсіз қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған өнім өндіруді дамыту арқылы жүзеге асырылады;
2) шикізатты тереңдете өңдеу және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті ауқымды өнім шығару жөніндегі химия, мұнай-химия салаларын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
3) қазақстандық өнімді өндіру мен өткізудің жалпы әлемдік жүйесіне интеграциялауды жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасау арқылы жүзеге асырылады;
4) Химия және мұнай-химия салаларының тиімділігі жоғары және инновациялық өндірістерін, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылымдарын игеру;
5) қолайлы инвестициялық ахуал жасау және инвестициялық жобаларды іске асыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерінің негізінде химия, мұнай-химия салаларын кешенді дамыту үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту;
6) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту арқылы жүзеге асырылады;
7) басқару мен шаруашылықты жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу;
8) әлеуметтік проблемаларды шешу, халықты жұмыспен қамтуды арттыру;
9) металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын, атап айтқанда, әлемдік сауда маркаларын өндірушілерді тарту арқылы дайын бұйымдар өндірісін дамыту;
10) өңдеуші өнеркәсіп салаларын, оның ішінде металлургия, металл өңдеу, металл емес минералдық өнім, шикізатты тереңдете өңдеу және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті ауқымды өнім шығару бойынша әлемдік деңгейдегі резеңке және пластмасса бұйымдарын құру және дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығы шеңберінде «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының Экономикалық қызмет түрлері мыналар болып табылады:
1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
2) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін тікелей жүзеге асыруға арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
4) металлургия өнеркәсібі;
5) өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі;
6) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру;
7) резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі;
8) көп бейінді аурухананы салу және пайдалануға беру.
2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VІ ҚРЗ «арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңы шеңберінде АЭА аумағында қызметтің басым түрлеріне жатпайтын бейінді емес қызмет түрлері бойынша жобаларды орналастыру мүмкіндігі бар. Барлық құқықтар мен міндеттер бойынша жеңілдікті режимді қолдану құқықтары шектелген, бірақ АЭА аумағында жер учаскесін және инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді бере отырып, АЭА қатысушыларына теңестірілген.
Қазіргі уақытта АЭА инфрақұрылымының 19 нысанының құрылысы аяқталды (кедендік терминал, қоршау, электрмен жабдықтау объектілері, техникалық су құбыры, шаруашылық-тұрмыстық кәріз, автожол).
АЭА аумағында 18 кәсіпорын, оның ішінде бір қосалқы кәсіпорын жұмыс істейді: