«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 28) тармақшасына сәйкес «Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы «Облыстық маңызы бар жалпыпайдаланымдағы автомобиль жолдары тізбесін бекіту туралы» № 117/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» жобасы әзірленді.
Аталған шешім қаржылық шығындарды қамтымайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.
Түсінік хаты бар жоба Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.