«Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне
өзгерту енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 20-тармағы 7) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«7) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде:
- облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруды келісу;
- жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру;
- шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктер беру;
- ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау;».
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Заңнамалық ақпарат институтына, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Облыс әкімі А. Байханов