Павлодар облысында 2022 жылы 8 ай бойынша жол-жөндеу жұмыстарының орындалуы туралы

Павлодар облысында

2022 жылы 8 ай бойынша жол-жөндеу жұмыстарының орындалуы туралы

         Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бойынша ағымдағы жылы 13040,2 млн. теңге сомасына (ҰҚ – 9519,5 млн.теңге, ЖБ -  3520,6 млн.теңге) жалпы ұзындығы 400,2 км жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерін қайта жаңарту және жөндеу бойынша  92 жоба іске асырылуда.  

Ағымдағы жылғы 19 қыркүйекке жағдай бойынша  72 нысанда (296,7 км) жұмыстар аяқталды,  18 нысанда (98,8 км) жұмыстар жүргізілуде, 2 нысан (4,7 км) бойынша конкурстық рәсімдер аяқталған жоқ.

Асфальт-бетон төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмысының жалпы орындалуы 400,2 км-ден  325,7 км, немесе жалпы жоспарланған көлемнен  82%-ды құрайды, жалпы орындалған жұмыс көлемі 88%, соның ішінде:

- 4 жоба облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу бойынша, ұзындығы 37 км 1 255,8 млн.теңге сомасына (ҰҚ – 453,8 млн.теңге, ЖБ -  802,0 млн.теңге), барлық нысандар бойынша жұмыстар аяқталды;

      - 32 жоба аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңарту және жөндеу бойынша, ұзындығы 253,9 км 8 191,9 млн. теңге сомасына (ҰҚ – 6 064,5 млн. теңге, ОБ – 2 127,4 млн. теңге), соның ішінде  20 нысан бойынша жұмыстар аяқталды (179,6 км), 12 нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде (74,3 км);

- 56 жоба елді мекендердің көшелері бойынша, ұзындығы 109,3 км – 3 592,4 млн. теңге, (ҰҚ – 3 001,2 млн. теңге, ОБ 591,2 млн. теңге) «Ауыл ел бесігі» арнайы жобасы бойынша 51 жобаны қосқанда, ұзындығы 88,8 км 2 104,2 млн. теңге сомасына (РБ - 1 823,5 млн.теңге, ЖБ -  280,7 млн.теңге),

- одан 47 нысан бойынша жұмыстар аяқталды,

-  6 нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде (23,8 км),

                     -  2 нысан бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде - 4,7 км

Сонымен қатар, қиыршықтасты төсемнен асфальт-бетон төсеміне ауыстыру 266,1 км құрайды, соның ішінде 115 км жергілікті маңызы бар автомобиль жолы және 151,1 км елді мекендердің көшелері.

Павлодар облысында көрсетілген жұмыстардың нәтижесінде нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 93%-ға жеткізу жоспарлануда.

 

Дата публикации
16 сентября 2022