2022 жылғы 8 ай ішінде орындалған жұмыс туралы ақпарат

2022 жылғы 8 ай ішінде

орындалған жұмыс туралы анықтама

 

Ағымдағы жылдың басынан бастап жалпы 32 АЕМ қамтумен 10 тұрақты автобус қатынасы ұйымдастырылды, соның ішінде: облысішілік -  4; ауданішілік – 6. Аққулы ауданының орталығында жолаушыларға қызмет көрсету орны ашылды.

Жолаушылар тасымалының тұрақты жұмыс істеуін және тарифтердің қолжетімді деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражатынан әлеуметтік маңызы бар 23 ауданішілік және 37 қалалық (соның ішінде 11 трамвай) бағыттарға жалпы сомасы 2,4 млрд теңге субсидиялануда.

Сонымен қатар, Павлодар облысы бойынша Әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынасының тізбесіне енгізілген 24 қалалық және ауданішілік бағыт қосымша айқындалды.

Азаматтардың жекелеген санаттарын қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен және тегін жүрумен қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 935 млн. теңге қарастырылған.

Балалар жылы аясында ағымдағы жылғы 1 мамырдан бастап облыс қалаларында тұратын 7 жастан мектеп бітіргенге дейінгі балалардың қоғамдық көлікте тегін жүруі ұйымдастырылған. Осы мақсаттарға 2022 жылы облыстық бюджеттен 679 млн.теңге қарастырылған.

Павлодар облысының 2022 жылға арналған Іс-шаралар жоспары аясында автобус паркін жаңарту көзделген. Қазіргі таңда облыстың автобус паркі 42 жаңа автобуспен толықтырылды, соның ішінде Павлодар қ. – 30 бірл. және Ақсу қ. – 12 бірл.

Заңсыз такси тасымалын тоқтату мақсатында басқарма Көлік бақылау инспекциясымен және Полиция департаментімен бірлесе тұрақты түрде рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізеді, оның барысында 160 көлік құралы тексеріліп, оның 48-і көлік заңнамасын бұзғаны анықталды, нәтижесінде 23 әкімшілік материал жасалды.

Қазіргі таңда D санатындағы жүргізушілердің 15%-дан астам тапшылығы мәселесі өткір тұр, бұл жолаушылар тасымалының дамуына кедергі келтіруде.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің атына нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс енгізілді.

Дата публикации
16 сентября 2022