
Құрметті Тереңкөл ауданының тұрғындары
2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.
Тереңкөл ауданының тұрғындары үшін Call-центр құрылды (дүйсенбі-жұма – сағат 09.00-ден 18.30-ға деін (үзіліс 13.00-14.30)
сенбі, жексенбі: өтініштер тек WhatsApp: +7 778 179 5264 арқылы 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылданады.
|
№
|
Аймақ |
Колл-центр |
|
1. |
Тереңкөл ауданы |
8 (71833) 2-25-17 WhatsApp 8-778-179-52-64 |
Барша Тереңкөл ауданының тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным білдіруге және Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарының сайлауға қатысуға шақырамыз!
2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына арналған дауыс беру учаскесін анықтауға мүмкіндік беретін «ЖСН бойынша өз сайлау учаскеңізді табыңыз» сервисі іске қосылды.
Өз сайлау учаскеңізді төмендегі сілтеме арқылы біле аласыз:
Аудан әкімінің орынбасарын тағайындау
Менің 2026 жылғы 8 шілдедегі өкіміммен Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Ерғабылов Дәуір Қуатұлы тағайындалды.
Ерғабылов Дәуір Қуатұлы – Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылының тумасы.
Мемлекеттік қызмет пен басқару саласында мол тәжірибесі бар. Осы тағайындауға дейін Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.
Дәуір Қуатұлын жаңа қызметімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс, жемісті еңбек және ауданымыздың игілігі жолындағы жұмысына сәттілік тілеймін!
ҚҰРМЕТТІ ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ !
2026 жылғы 29 маусымда сағат 16:00-де Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172 мекенжайында аудандық Қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысында Тереңкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері қаралатын болады.
Маса мен шіркейге қарсы жоспарлы дезинсекциялық іс-шаралар жүргізілетінін хабарлаймыз.
Тұрғындардан сақтық шараларын сақтауды сұраймыз: үй-жайлардағы терезелерді мықтап жауып, жұмыстар жүргізілетін аумақта болмауға кеңес береміз.
Омарта иелеріне препараттардың ықтимал кері әсерін болдырмау мақсатында ара ұяларын уақытша оқшаулау немесе аралардың ұшуын шектеу бойынша алдын ала шара қабылдау қажет.
Барлық жұмыстар белгіленген санитариялық нормаларға сәйкес жүргізіледі.
2026 жылғы 19 мамырда Тереңкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Тереңкөл ауданының Октябрь ауылдық округінің сайланған әкімі - Мукурова Әлия Бейсембайқызын тіркеді. Әлия Бейсембайқызы Мукурова тікелей сайлау нәтижесінде Октябрь ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.
Әлия Бейсембайқызы Қашыр ауданы Лесное ауылында дүниеге келген. Еңбек жолы 2003 жылы Қашыр ауданы Октябрь ЖОББМ жанындағы Лесное БММ-де басталып, 2012 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2012 жылдан 2014 жылға дейін Қашыр ауданының Новоспасовка БМ тәрбиешісі және меңгерушісі болып істеді.
2014-2022 жылдары Октябрь ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. 2022 жылдан бастап сайлауға дейін Октябрь ауылдық округінің әкімі болды. «АMANAT» партиясымен ұсынған.
2026 жылғы 19 мамырда Тереңкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Тереңкөл ауданының Байқоңыс ауылдық округінің сайланған әкімі - Қалиев Ербол Қасқырбайұлын тіркеді. Ерболат Қасқырбайұлы Қалиев тікелей сайлау нәтижесінде Байқоңыс ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.
Ерболат Қасқырбайұлы Қашыр ауданы Трофимовка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1986 жылы Трофимов жанар-жағармай құю станциясында жанармай құюшы болып бастады, одан кейін 2003 жылға дейін Осьмерыжск мұнай базасының операторы болып жұмыс істеді. 2003 жылдан бастап Павлодар облысының әртүрлі ауылдық округтерінде 9 жылдан астам әкім болып жұмыс істеді.
2012-2014 жылдары Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және ТКШ бөлімдерінде сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2018-2025 жылдары Павлодар мемлекеттік университетінде инженер, қауіпсіздік қызметінің басшысы, Павлодар қаласының халықты жұмыспен қамту орталығында бөлім басшысы, Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Шектеулер 15 сәуірден 30 мамырға дейін күшінде болады. Бұл шараның мақсаты — уылдырық шашу кезеңінде балық қорын сақтау және олардың өсімін қамтамасыз ету.
Жыл сайынғы «Уылдырық шашу» акциясы туралы Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілдері @pavlodar.rsk алаңында айтып берді. Балық аулауға салынған тыйым Павлодар облысының барлық далалық және тұщы су айдындарында, Ертіс өзені мен оның жайылмаларында, сондай-ақ Қ. Сәтбаев атындағы каналдың бүкіл бойында (су қоймаларын қоса алғанда) қолданылады.
- Бекітіліп берілген балық шаруашылығы учаскелерінде торта, аққайран, алабұға, мөңке және шортан балықтарын әуесқойлық жолмен аулауды қоспағанда, басқасына тыйым салынады, - деді Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Жангелді Қарабаев. - Шектеу кезеңінде табиғат қорғау заңнамасының сақталуына бақылау күшейтіледі. Біз балықты заңсыз аулау, сатып алу немесе өткізу, тасымалдау фактілерін анықтауға және жолын кесуге ерекше көңіл бөлеміз. Сондай-ақ, инспекцияның тиісті келісімінсіз балық шаруашылығы су айдындарында қозғалтқышы қосулы су көлігінің барлық түрлерінің жүруіне де тыйым салынады.
Жыл басынан бері Павлодар облысының балық инспекторлары балықшыларға қатысты 77 әкімшілік хаттаматолтырды. Оның төртеуі сотқа жолданды. Қазіргі уақытта шамамен 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
2026 жылғы 14 сәуірде Тереңкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Тереңкөл ауылдық округінің сайланған әкімі Ризабек Бауыржанұлы Айтмағамбетовті тіркеді. Ризабек Бауыржанұлы Айтмағамбетов тікелей сайлау нәтижесінде Тереңкөл ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.
Ризабек Бауыржанұлы Қашыр ауданы Қашыр ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2006 жылы Қашыр ауданының № 2 жалпы білім беру орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2007 жылдан 2019 жылға дейін Қашыр ауданының әкім аппаратында және мәдениет, спорт, дене шынықтыру және тілдерді дамыту бөлімінде жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап Октябрь ауылдық округінің әкімі, 2022 жылдан бастап Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінің әкімі. "АMANAT" партиясы ұсынған.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 46-бабының 3-тармағына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 1 наурызда сайланған Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Серік Темірханұлы Шаханов Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Ивановка ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.