Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Атқарушылық құжаттарды орындауға беру мерзiмдерi

Атқарушылық құжаттар мәжбүрлеп орындатуға мынадай мерзiмдерде:
- сот актiлерi негiзiнде берiлетiн сот бұйрықтары мен атқарушылық парақтар, Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының шешімдері негізінде берілетін атқару парақтары, төрелiктiң шешiмдерiн, халықаралық және шетелдік төреліктердің шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқару парақтары - үш жыл iшiнде;
- соттардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы ic бойынша шығарған қаулылары - егер заңда өзге мерзiмдер белгiленбесе, бір жыл iшiнде;
- әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) қаулылары, әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лаузымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар - бір жыл iшiнде;
- "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының талап қоюды қамтамасыз ету туралы бұйрықтары – сот бұйрық шығарған күннен бастап бір жыл ішінде;
- атқарушылық жазбалар, мемлекеттік сот орындаушысының атқарушылық санкцияны өндіріп алу туралы қаулылары, сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау кезінде келген шығыстарды өтеу туралы қаулылары, жеке сот орындаушысының өз қызметіне төленетін ақы сомаларын бекіту туралы қаулылары, жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама, жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтары – үш жыл ішінде берілуі мүмкін.
- соттың қылмыстық іс бойынша шығарылған мүлікке тыйым салу туралы қаулылары – бір жыл ішінде;
- қылмыстық теріс қылық және (немесе) қылмыс үшін айыппұл өндіріп алу туралы атқарушылық парақтар үкім заңды күшіне енгеннен кейін:
қылмыстық теріс қылық үшін сотталған кезде бір жыл ішінде;
онша ауыр емес қылмыс үшін сотталған кезде үш жыл ішінде;
ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталған кезде алты жыл ішінде;
ауыр қылмыс үшін сотталған кезде он жыл ішінде;
аса ауыр қылмыс үшін сотталған кезде он бес жыл ішінде орындауға ұсынылуы мүмкін.

Сот актілерін орындау жөніндегі Тереңкөл
ауданаралық аумақтық бөлімі» филиалы
басшы –аға сот орындаушысы Ж.Е. Абильдинова

 

 

     

 

Дата публикации
20 октября 2022
Дата обновления
20 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы