
2022 жылғы 28 қыркүйек Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2022 жылғы 09 қазанға тағайындалған Тереңкөл ауданының Жаңақұрылыс ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.
Тереңкөл ауданының Жаңақұрылыс ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы сайлау комиссиясының төрағасы Мартыненко Евгения Владимировна баяндама жасады.
Ол 2022 жылғы 28 қыркүйектегі сағат 18-дегі жағдайы бойынша Тереңкөл ауданының сайлау комиссиясы Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі әкіміне ұсынылған 3 кандидаттың 3-ін тіркегенін хабарлады.
Тіркелген кандидаттар қатарында 2 (67%) ер адам және 1 әйел адам (33%).
Мамандықтар бойынша:, 2 – педагог және биотехнология.
Кандидаттар арасында: 2 бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, 1 - мемлекеттік қызметші.
2022 жылғы 28 қыркүйек сағат 18.00-ден бастап Тереңкөл ауданының Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 08 қазан күні сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.
Тереңкөл ауданының Жаңақұрылыс ауылдық округіне әкімдікке кандидаттардың тізімі:
|
р/с№ |
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
|
Туған жылы |
Атқаратын лауазымы (кәсібі) жұмыс және тұрғылықты жері |
|
1 |
Қыдыралинов Қайрат Талғатұлы |
1991 |
«ТрофимовкаЖОББМ» КММ директор, Трофимовка ауылы, Баян Батыр көш-сі 35 үй |
|
2 |
Темиргалиева Гүлбақыт Рысбекқызы |
1972 |
«Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» ММ бас маман, Тереңкөл ауылы, Гагарин көш-сі, 10 үй, 2 пәтер |
|
3 |
Амиркашев Бекжан Маратұлы |
1992 |
«Оқушылар үйі» КМҚК педагог, Тереңкөл ауылы, Байтұрсынов көшесі, 187 үй |