
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 23 қыркүйекте сағат 18:00–де Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлайды: Қыдыралинов Қайрат Талғатұлы «AMANAT» партиясынан, кандидат Темиргалиева Гүлбақыт Рысбекқызы, Амиркашев Бекжан Маратұлы өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Кандидаттардың орташа жасы – 37 жас. Ең жас кандидат – 30 жаста, кандидаттар арасында ең үлкен жас – 50 жаста.
Мамандықтар бойынша – педагог және биотехнология.
Ұсынылған 3 кандидаттың 3-і МҚІА талаптарына сәйкестігіне тексеруден өтті.
Кандидаттарды тіркеу 28 қыркүйек күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.