Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

«Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар»

Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар мыналар болып табылады: борышкердiң өзiндегi не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы (банктердi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарын қоспағанда) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, мүлкiне тыйым салу; 

            борышкердiң банктердегi, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы ақшасы мен мүлкiне тыйым салу;

             борышкердiң өзiндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы жылжымалы мүлкін алып қою;

            борышкердiң өзiндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы жылжымайтын мүлкiн алып қою;

             борышкерге белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салу, оның ішінде заңды тұлға органдарына шешімдер қабылдауға тыйым салу, сол сияқты заңды тұлғаның жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын, бағалы қағаздарын және жарғылық капитал мен мүліктегі үлестерін иеліктен шығару жөнінде қабылданған шешімдердің қолданылуын тоқтата тұру;

       борышкердiң оған меншiк құқығы негiзiнде тиесiлi мүлiктi, оның iшiнде ақшаны пайдалануына тыйым салу не оларды сот атқарушысы белгiлеген шекте пайдалануға нұсқау беру;  борышкер мүлкiне сүргi салу; құқық белгiлейтiн құжаттарды алып қою; басқа адамдардың борышкерге мүлiк, оның iшiнде ақша беруiне немесе оған қатысты өзге де іс-әрекеттерді орындауына тыйым салу.

            Қажет болған жағдайларда орындауды қамтамасыз етудiң бiрнеше түрi қолданылуы мүмкiн.

      Қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқасымен ауыстыру туралы мәселенi сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзу тараптарының арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша қарайды. Қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқасымен ауыстыру туралы мәселенi қарау бұрын белгiленген қамтамасыз ету шараларының қолданылуын тоқтата тұрмайды.

      Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру, кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде бұрын белгіленген шаралардың күшін жоюға әкеп соқпайды.

      Сот орындаушысы  атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен алынатын санкциямен қолданады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шараларды санкциялауды прокурор жүзеге асырады.

            Сот орындаушысының қызметтік іс-әрекетіне заңдарда тiкелей уәкiлеттiк берiлген тұлғалардан басқа, ешкiм де араласуға құқылы емес.

            Сот орындаушысының қызметіне заңсыз араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

                                           

«Сот актілерін орындау жөніндегі Тереңкөл ауданаралық аумақтық бөлімі» филиалының

                                                             басшы- аға сот орындаушысы   Абильдинова Ж.Е.

Дата публикации
26 августа 2022
Дата обновления
26 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы