Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Сәлеметсіз бе! Уақытша қиындықтарға байланысты менің жұмыс берушім біраз уақыт жалақы төлемеді. Егер мен ресми түрде жалданып жұмыс жасасам, алдыңғы айларда өзіме міндетті зейнетақы жарналарын аудара аламын ба? Мен алғым келетін несиені мақұлдағанды қалаймын.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын салымшылар салымшының агенті, яғни жұмыс беруші аудару арқылы төлейді. Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына аудару арқылы өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын мынадай жеке тұлғалар ғана төлей алады:

- жеке кәсіпкерлер;

- жеке нотариустар;

- жеке сот орындаушылары;

- адвокаттар;

- кәсіби медиаторлар;

-азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер.

Осылайша, егер сіз жоғарыда аталған тұлғалар санатына жатпасаңыз, онда МЗЖ есебінен қалыптастырылған жеке зейнетақы шотын өз бетінше толтыру мүмкін емес.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Дата публикации
04 августа 2022
Дата обновления
04 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы