Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Мамыр айында БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетімде менің ерікті зейнетақы шотыма ҚДКБҚ-дан белгілі бір соманың түскенін көрдім. Осыны түсіндіріп жібере аласыз ба?

Биыл мамыр айында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мәжбүрлеп таратылған және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы, барлық банктік операциялар жүргізу лицензиясынан айырылған 8 банктің  («Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ мен «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ) салымшыларына кепілдік берілген өтеуі талап етілмеген соманы БЖЗҚ-ға аударды.  Бұл қаражат БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін қолданыстағы немесе жаңадан ашылған жеке зейнетақы шоттарына есептелді. 

Бәлкім, Сіз аталған банктердің бірінің салымшысы болған шығарсыз, мұндай жағдайда ЕЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомасы басқа зейнетақы активтері сияқты тәртіппен инвестицияланатын болады.

Сұраным жібергеніңізге рахмет!

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Дата публикации
05 июля 2022
Дата обновления
05 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы