Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Борышкерлердің бірыңғай тізілімі және борышкерді борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығару

Борышкерлердің бірыңғай тізілімі – атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын деректердің біріздендірілген электрондық банкі.     

      -  Уәкілетті орган атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мақсаттарда Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізеді. Борышкерлер туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      - Борышкерлердің бірыңғай тізілімі атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі.

       - Мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі жоқ, сондай-ақ талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдану және тоқтату туралы атқарушылық құжаттары бойынша борышкерлер жөніндегі мәліметтерді қоспағанда,  Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізу үшін мәліметтерді сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.

      - Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде.

Сондай-ақ ол атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде жоғарыда аталған Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Бұл ретте сот орындаушысы осы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер алған кезде үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімен алып тастау үшін тиісті ақпарат жібереді.

 

«Сот актілерін орындау жөніндегі Тереңкөл

ауданаралық аумақтық бөлімі» филиалы

Басшы –аға сот орындаушысы                                                           Ж.Е. Абильдинова

Дата публикации
20 июня 2022
Дата обновления
20 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы