Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Қайырлы күн! Мен тұтынушылық несие бойынша төлемнің мерзімін өткізіп алдым, енді сот болайын деп жатыр. Сот орындаушылары берешегімнің орнын толтыру үшін менің зейнетақы жинақтарымды БЖЗҚ-дан ала ала ма? Мұндай жағдайда болашақта зейнетақысыз қаламын ба?

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 50-бабының 3-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе ақша өндіріп алуға жол берілмейді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының  «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 98-бабы, 14) тармақшасына сәйкес,  салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтары – өндіріп алуға болмайтын қаражат сомасына жатады.

Осылайша, сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарын сот орындаушысының немесе кез-келген үшінші тұлғаның өндіріп алуы мүмкін емес.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Дата публикации
17 июня 2022
Дата обновления
17 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы