Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Менің жұбайым шетел азаматы, алайда қазақстандық компанияда жұмыс істейді, әрі БЖЗҚ-ға үнемі зейнетақы аударымдарын жүргізіп отырады. Қазір оның шотында жинақталған сома жеткіліктіліктің жаңа шегінен асып түсетін мөлшерде, осы құқықты ол пайдалана ала ма?

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.

Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 1-бабы 14) тармақшасына сәйкес, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты – шетел азаматының Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат болып табылады.

Осылайша, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында, сондай-ақ, заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес, инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға құқылы.

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Дата публикации
17 июня 2022
Дата обновления
17 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы