Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Сәлеметсіз бе! Тұрақты жалақысы бар жұмыссыз жүргеніме осымен үш ай болды. Соның салдарынан, осы кезең ішінде БЖЗҚ-ға аударым жасаған жоқпын. Бұған дейін тұрақты жалақы алып тұрғанда, Қордағы менің шотымда аздаған сома жинақталған еді. Енді Қордағы жинақтарым «күйіп кетуі» мүмкін бе? Соны білсем деп едім.

Қордағы зейнетақы жинақтарыңыз мөлшеріне қарамастан сіздің меншігіңіз болып табылады, әрі жеке зейнетақы шотыңызда (бұдан әрі - ЖЗШ) зейнет жасына жеткенше немесе қандай да бір себептермен оларды төлегенше сақталады. ЖЗШ-дағы ақша БЖЗҚ-да мерзімсіз сақталатынын және оның нақты қолданылу мерзімі жоқ екенін қаперден шығармау керек.

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (бұдан әрі-МЗЖ, МКЗЖ) тұлғалардың Заңда белгіленген зейнет жасына жеткен сәттегі, сондай-ақ, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген МЗЖ, МКЗЖ мөлшерінде сақталуына Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған жағдайларда және тәртіппен кепілдік береді.

Бұдан басқа, ЖЗШ-ға түсетін зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚРҰБ) түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. ҚРҰБ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне, БЖЗҚ инвестициялық декларациясына, инвестициялау шегіне сәйкес инвестициялайды.

Зейнетақы активтерін инвестициялаудың мақсаты – зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз ету және зейнетақы активтері құнының ықтималдық дәрежесінің жоғары деңгейде сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәуекел деңгейі кезінде ұзақ мерзімді басымдықта нақты кірістілік алу болып табылады.

Бұл ретте, инвестициялау нәтижесінде туындайтын инвестициялық кіріс тұрақсыз шама, яғни белгілі бір кезеңге сыйақы мөлшері нақты айқындалған банктердің депозиттік шарттарында көзделгендей, қатаң белгіленген шама болып табылмайды және көптеген факторларға, оның ішінде бағалы қағаздардың нарықтық құнына және валюта бағамының өзгеруіне байланысты болады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

Дата публикации
17 июня 2022
Дата обновления
17 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы