
2022 жылғы 13 мамырда өзін-өзі ұсыну тәртібімен Байқоныс ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Сәбитов Арман Тоқтасынұлы және Октябрь ауылдық округінің әкіміне өз кандидатураларын Муктуров Нұрбол Нұрланұлы, Нұрпейісова Қымбат Дүсембайқызы ұсынды.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен кандидаттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 13 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.