
2022 жылғы 12 мамырда «Amanat» партиясынан Октябрь ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Мукурова Әлия Бейсембайқызы және өзін-өзі ұсыну тәртібімен Байқоныс ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын Мұханов Азамат Әнуарбекұлы ұсынды.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен кандидаттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 13 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.