
2022 жылғы 11 мамырда «Amanat» партиясынан Байқоныс ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Кусанов Жұмабай Тілектесұлы және өзін-өзі ұсыну тәртібімен Октябрь ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын Қайратов Архат Қайратұлы ұсынды.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен кандидаттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 13 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.