Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Тереңкөл ауданының Байқоныс, Октябрь ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

2022 жылғы 18 мамыр Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2022 жылғы 29 мамырға  тағайындалған Тереңкөл ауданының Байқоныс, Октябрь ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.

Тереңкөл ауданының Байқоныс, Октябрь ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы сайлау комиссиясының төрағасы Мартыненко Евгения Владимировна баяндама жасады.

Ол 2022 жылғы 18 мамырдағы сағат 18-дегі жағдайы бойынша Тереңкөл ауданының сайлау комиссиясы Тереңкөл ауданы Байқоныс, Октябрь ауылдық округтері әкімдеріне ұсынылған  7 кандидаттың 6-ын тіркегенін хабарлады.

Тіркелген кандидаттар қатарында 4 (67%) ер адам және 2 әйел адам (33%).

Мамандықтар бойынша: 2 – заңгер, 4 – педагог.

Кандидаттар арасында: 3 бюджеттік  мекемелердің қызметкерлері, 2 - мемлекеттік қызметшілер, 1 – құқық қорғау органдарының зейнеткері.

2022 жылғы 18 мамыр сағат 18.00-ден бастап Тереңкөл ауданының Байқоныс, Октябрь ауылдық округтері әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы             28 мамыр күні сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

Тереңкөл ауданының Байқоныс, Октябрь ауылдық округтеріне әкімдікке кандидаттардың тізімі:

  • Байқоныс ауылдық округі

р/с№

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)   

 

 

Туған жылы

 Атқаратын лауазымы (кәсібі) жұмыс және тұрғылықты жері

1

Кусанов Жұмабай Тілектесұлы

1971

«Байқоныс ЖОББМ» КММ

Байқоныс ауылы,

Есжанов көш-сі 22 үй

2

Мұханов Азамат Әнуарбекұлы

1986

«Тереңкөл ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ

Тереңкөл ауылы,

Тәліпов көш-сі, 16 үй, 2 пәтер

3

Сәбитов Арман Тоқтасынұлы

1975

Құқық қорғау органдарының зейнеткері

Тереңкөл ауылы,

Тургенев көшесі, 19 үй, 2 пәтер

 

 

 

 

  • Октябрь ауылдық округі

р/с№

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)   

 

 

Туған жылы

 Атқаратын лауазымы (кәсібі) жұмыс және тұрғылықты жері

1

Қайратов Архат Қайратұлы

1984

«Музыкалық мектебі» КМҚК

Байқоныс ауылы,

Есжанов көш-сі, 22 үй

2

Мукурова Әлия Бейсембайқызы

1979

«Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Первомайск ауылы,

Лесная көш-сі, 5

3

Нурпеисова Қымбат Дүсембайқызы

1988

«Оқушылар үйі» КМҚК

Тереңкөл ауылы,

Победа көшесі, 14 а

 

Дата публикации
18 мая 2022
Дата обновления
18 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы