Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 12 айда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған Павлодар облысының іс-шаралар жоспарын орындау туралы ақпарат

3-тармақ. 1) лауазымды адамға қандай да бір шешімді қабылдау шарттарын дәл айқындамай, шешімдердің екі немесе бірнеше нұсқасының арасында (оң немесе теріс) таңдау құқығын беруді;

2) лауазымды адамға нормативтік құқықтық актінің орындалу тәсілін өз қалауы бойынша айқындауды, сондай-ақ заңдық фактіні бағалауды, ықпал ету шарасын таңдауды және актілер шығаруға мүмкіндік беруді көздейтін дискрециялық өкілеттіктерді алып тастау жөнінде ұсыныстар жіберу:

Ауданның мемлекеттік мекемелері мемлекеттік органдардың бекітілген ережелерінде дискрециялық өкілеттіктердің болуына талдау жүргізді.

Жүргізілген талдау мемлекеттік органдардың функцияларында дискрециялық өкілеттіктердің жоқ екенін көрсетті.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде дискрециялық өкілеттіктерді алып тастау бойынша ұсыныстар жоқ.

5-тармақ. Жергілікті атқарушы органдар жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарында қызмет салалары сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім болып табылатын жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша)

Тоқсан сайын құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияның отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері қаралады. 2021 жылдың өткен кезеңінде ауданның мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі, жер қатынастары бөлімі, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, ауданның саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшыларының есептері тыңдалды.

Бұдан басқа, дербес жауапкершілікті арттыру мақсатында аппараттық кеңестерде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы мемлекеттік органдар басшыларының есептері тұрақты түрде тыңдалады. 2021 жылдың өткен кезеңінде аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық саясат және тілдерді дамыту бөлімі, қаржы бөлімі басшыларының, сондай-ақ Октябрь, Байқоныс, Бобровка, Калиновка, Федоровка, Жаңақұрылыс, Верненка ауылдық округтері әкімдерінің есептері тыңдалды.

6-тармақ. Әдістемелік ұсынымдар әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу

Тереңкөл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс «Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесімен іске асырылады, сондай-ақ тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

2021 жылы аудандық бюджеттен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізуге 801 мың теңге бөлінді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 4 семинар, бір дебаттық турнир, КТК, сауалнама, бейнероликтер конкурсы және буклеттер тарату қарастырылған. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының негізінде іс-шараларды өткізу үшін «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігімен шарт жасалды. Шартқа сәйкес 2021 жылғы 15-25 қазан аралығында аудан жастары арасында «Парасатты отбасы» байқауы өткізілді, ағымдағы жылғы 18 қарашада конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауға 14 бейнеролик қатысты, олар жергілікті әлеуметтік желілерде орналастырылды. Үш ең үздік бейнеролик Тереңкөл ауылының LED-экранында орналастырылды, сондай-ақ 11 мың. адам жалпы қамтуымен 16 әлеуметтік желілерде жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігі 18 қарашада Тереңкөл ауданының мемлекеттік қызметшілері үшін ZOOM режимінде «Қоғамдық бақылау және мониторинг» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Саида Таукелованың қатысуымен семинар ұйымдастырды. Семинарға ауданның барлық деңгейдегі 51 мемлекеттік қызметшісі қатысып, өзекті сұрақтарға жауап алды.

Аудан жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «ALDASPAN жастар орталығы» жастар орталығында «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі» студенттері мен Тереңкөл ауылының жоғары сынып оқушылары арасында дебаттық турнир өткізілді. Турнир қорытындысы бойынша «Үздік спикер» номинациясы бойынша – «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжінің» 2 курс студенті Сорокин Вадим, «Үздік спикер» номинациясы бойынша – «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжінің» 1 курс студенті Мельников Михаил, «Ең сенімді» номинациясы бойынша - А. Елгин атындағы № 1 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Бақтыбай Әмина жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өткізілген іс-шаралар облыстық ERTIS TV телеарнасында көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында аудан тұрғындарына 500-ден астам буклет таратылды және сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша, іс – шара ауданның 970 тұрғынын (16-29 жас-475 адам), (30-55 жас аралығындағы 344 адам) және (55 жас-151 адам) қамтыды. Айта кету керек, сауалнамаға Жаңақұрылыс, Верненка, Тереңкөл ауылдық округтерінің жастары мен жеке кәсіпкерлері белсенді қатысты, бұл 525 адамды құрады (сауалнамаға қатысушылардың 54,4%).

Барлық өткізілген іс-шаралар санитарлық-эпидемиялық нормаларды сақтай отырып, онлайн және жеке кездесулер ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылды. Сондай - ақ аудандық БАҚ «Тереңкөл тынысы» және «Заря» басылым беттерінде (24 мақала), «Сарыарқа-самалы» облыстық басылымдарында «Звезда прииртышья» (4 мақала) және республикалық сайтта «inform.kz» (1 мақала) әлеуметтік желілерде 22 материал жарияланды. Жалпы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2020 жылы 3500 адам қамтылды, 2021 жылы бұл көрсеткіш 4850 адамға жетіп, аудан халқының 24,5% құрады.

7-тармақ. Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымы алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстауға бюджеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу

Ағымдағы жылдың басынан бастап ауданның білім беру жүйесінде облыстық бюджеттен орта білім беру ұйымдарын ұстауға бөлінген қаржы қаражатын басқаруды тиімді және ашық есепке алу үшін «Фаворит» ақпараттық жүйесі бұлтты бухгалтерия енгізілуде.

2021 жылғы 28 желтоқсанда «Тереңкөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ауданның барлық білім беру мекемелерінің ата-аналар қауымдастығымен онлайн режимде кездесу өткізіледі, онда бөлім басшысы ағымдағы жылдың 6 айы үшін орта білім беру ұйымдарын ұстауға аудан бюджетінен бөлінген қаражаттың жұмсалуы бойынша есеп берді.

Мектеп директорлары тоқсан сайын ата –аналар қоғамдастығының алдында орта білім беру ұйымдарын ұстауға бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы туралы ақпаратпен онлайн-режимде сөз сөйлейді. Барлық ақпарат білім бөлімінің сайтында және мектеп сайттарында орналастырылған.

8-тармақ. ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2021 жылға арналған жергілікті бюджеттен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу үшін сомасы 801,00 теңге ақшалай қаражат бөлінді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес іс-шараларды өткізу үшін «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігімен шарт жасалды.

13-тармақ. Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, жұртшылықтың сөз сөйлеуін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ауқымды ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында аудандық «Тереңкөл тынысы» және «Заря» газеттерінде сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы материалдарды орналастыру үшін тақырыптық айдарлар ашылды. Жергілікті атқарушы органдардың басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тұрақты негізде мақалалар жариялайды, осылайша есепті кезеңде 25 мақала орналастырылды.

Тереңкөл ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары тұрақты негізде әлеуметтік желілердегі ресми парақшада партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы ақпарат жариялайды.

Ағымдағы жылдың басынан бері «ANTIKOR LIVE» өңірлік акциясы аясында Facebook әлеуметтік желісінде 20 тікелей эфир өтті, оған аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округтер әкімдері, сондай-ақ ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті бекіткен кестеге сәйкес, апта сайын «Адал көмек» жобасы аясында тікелей эфирлерде ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары халық үшін өзекті тақырыптарға сөз сөйлейді.

Осылайша, ағымдағы жылдың басынан бері «Адал көмек» жобасы аясында Facebook әлеуметтік желісінде 92 тікелей эфир өтті.

14-тармақ. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс маңызды болып табылады. Жасөспірімдердің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын қалыптастыру мақсатты және жүйелі түрде жүргізіледі. Мұнда «Адал ұрпақ» ерікті клубтары маңызды рөл атқарады.

Ауданның жалпы білім беру мекемелерінде (барлығы 25 мектеп, оның ішінде орта-17, негізгі-8 және оқушылар үйі) 261 оқушыны қамтитын 26 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, жұмыс істейді, үнемі жаңартылып отыратын «Парасатты азамат» стендтері орнатылды.

Жоспарға сәйкес «Парасаттылық сағаты» сабақтары, «Әділдік деген не?» 1-4 сынып оқушылары үшін, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» 5-8 сынып оқушылары үшін, «Заң және оны сақтау қажеттілігі» 9-11 сынып оқушылары үшін.

2021 жылғы 6 қазанда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аудандық слеті қашықтықтан өтті. Оған А. Текенов атындағы № 2 ЖОББМ, А. Ёлгин атындағы № 1 ЖОББМ., Оқушылар үйі, Бобровка ЖОББМ және Федоровка ЖОББМ қатысты. Жалпы қамтумен – 56 бала.

15-тармақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жарияланымдарға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін конкурс өткізу (жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде).

Ауданның әлеуметтік желілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа үздік журналистік жарияланымдарға конкурс өткізу туралы, хабарландыру жарияланды. Байқаудың облыстық кезеңінде «Цифрлық Қазақстан – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» номинациясы бойынша біздің ауданның бейнеролигі 3 орынға ие болды.

17-тармақ. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-, бейнероликтер жасауды қарастыру және трансляциялауды қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың тиімді тетігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топпен бірлесіп жұмыс істеу, ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, әлеуметтік сауалнамалар мен зерттеулер арқылы халықтың белсенді бөлігін осы проблемаға тарту болып табылады. Ауданның ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі жастар орталығымен бірлесіп тоқсан сайын жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізеді, әлеуметтік сауалнамалар жүргізіледі және әлеуметтік желілерде бейнероликтер орналастырылады. Аудан жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік бейнеролик байқауына аудан жастары арасында қатысты. Үздік үш бейнеролик жергілікті әлеуметтік желілерде орналастырылды және Тереңкөл ауылының жағалауында LED-экран арқылы көрсетілді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2021 жылдың 15-25 қазан аралығында аудан жастары арасында «Парасатты отбасы» байқауы, ағымдағы жылдың 18 қарашасында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауға жергілікті әлеуметтік желілерде орналастырылған 14 бейнеролик қатысты. Ең үздік үш бейне Тереңкөл ауылындағы LED-экранда орналастырылды, сондай-ақ 11 мың адамды қамтыған 16 әлеуметтік желіде жарияланды.

18-тармақ. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу» (жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде):

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында аудан тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді. Іс – шара ауданның 970 тұрғынын (16-29 жас-475 адам),(30-55 жас аралығындағы 344 адам) және (55 жас-151 адам) қамтыды. Айта кету керек, сауалнамаға Жаңақұрылыс, Верненка, Тереңкөл ауылдық округтерінің жастары мен жеке кәсіпкерлері белсенді қатысты, бұл 525 адамды құрады (сауалнамаға қатысушылардың 54,4%).

Бұдан басқа, барлық білім беру мекемелерінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау мақсатында тұрақты негізде анонимді сауалнама жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің заңсыз әрекеттеріне шағымдар түскен жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа тартылған, теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған адамдар және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын бұзу жағдайлары бақыланатын кезеңде тіркелмеген.

19-тармақ. Азаматтар үшін мемлекеттік медициналық қызметтерді алуға, емделуге және басқа да мүмкіндіктерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Тереңкөл ауданының ауруханасы инстаграм және фейсбук әлеуметтік желілерінде МӘМС және ТМККБК аясында тұрғындар ала алатын медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы ақпаратты тұрақты түрде жариялап отырады.

Одан басқа, «Адал көмек» жобасы аясында аудандық аурухана бас дәрігерінің қатысуымен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және ТМККБК және МӘМС аясындағы медициналық қызметтер тақырыбында тікелей эфирлер тұрақты негізде өткізіліп тұрады.

Учаскелік дәрігерлер қабылдауларда және аулаларды аралау кезінде халықпен «Халықты тіркеу» мемлекеттік қызметін алу; ЕГОВ порталы арқылы қабылдауға және вакцинациялауға жазылу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

21-тармақ. Арнайы мониторингтік топтың Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалау жүргізуін қамтамасыз ету

Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында тоқсан сайын аудан мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізіледі.

2021 жылдың бірінші және екінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ауданның барлық мемлекеттік мекемелерінде, соның ішінде ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша бірқатар ұсынымдар берілді, бүгінгі күні барлық ұсынымдар орындалды.

22-тармақ. Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғамдық пікірді ескеру мақсатында БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру барысы туралы есептерді жариялау

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғамдық пікірді ескеру мақсатында аудан әкімінің сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» бөлімінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Павлодар облысының                  2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2020 жылға орындалуы туралы ақпарат орналастырылған.

Сонымен қатар, аудан әкімінің сайтында 2021 жылдың 11 айында Тереңкөл ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат орналастырылған.

24-тармақ. Еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге шаралар қабылдай отырып мониторинг жүргізу

Ауданның жергілікті атқарушы органдарымен, оның ішінде ауданның жұмыс берушілерімен еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдалану фактілерін болдырмауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Жұмыс берушілердің еңбек шарттарын жасаспау фактілері бойынша халықтан шағымдар түскен жоқ.

26-тармақ. Электрондық мемлекеттік қызметтерді көпшілікке танымал ету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша іс–шаралар өткізу, мысалы-мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша баннерлер, плакаттар мен үнпарақтар орналастыру, халыққа өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының қызметін қамтамасыз ету, азаматтарды электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз ету және т.б.

Электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру, «электрондық үкімет» порталы мен оның сервистерін насихаттау мақсатында Тереңкөл ауданы әкімдігімен мақсатты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.                                      Осылайша, 2021 жылдың өткен кезеңінде 151 іс-шара өткізілді, оның ішінде:     - «Электрондық үкімет» порталын және «Digital agent», «eGov mobile» мобильдік қосымшаларын дәріптеу бойынша аудандық газеттерде 3 мақала жарияланды;

- «Электрондық үкімет» порталын және «Digital agent», «DamuMed» мобильді қосымшаларын танымал ету бойынша әлеуметтік желілерде 7 бейнеролик орналастырылды.

 - 2021 жылғы 23 маусымда Тереңкөл ауданының ХҚКО бөлімімен бірлесіп Egov халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту жүргізілді.

 - ай сайын ауылдық округтер әкімдіктерімен және дербес бөлімдермен тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуын насихаттауға бағытталған акциялар өткізіледі.

Осылайша, 2021 жылдың өткен кезеңінде электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды танымал ету бойынша 3159 брошюра таратылды.

Тереңкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарында 21 «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді, оның ішінде 12 ауылдық округтер әкімдіктерінде, 3 бөлімде, 3 кітапханада және «Open Terenkol» сервистік әкімдігінде 3 «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандар электрондық қызметтердің үлесін арттыру бойынша «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының» жұмыс істеуіне тұрақты мониторинг жүргізеді.

2021 жылдың өткен кезеңінде «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 642 мемлекеттік қызмет алынды.

Тереңкөл ауданында мемлекеттік қызметтер бойынша 11 билборд орнатылды, оның ішінде «Digital agent» мобильді қосымшасын дәріптеу бойынша 3 билборд, «отбасына арналған Онлайн қызметтер» 7 билборд, «Telegram bot» мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша 1 билборд.

Тереңкөл ауылының led-экранында және «Open Terenkol» сервистік әкімдігінде онлайн-режимде қызметтерді алу тәсілдері туралы бейнероликтер көрсетіледі. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

27-тармақ. Жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесін айқындау

Тереңкөл ауданының әкімдігі тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштері арқылы келіп түсетін «жасырын» мемлекеттік қызметтердің бар-жоғына, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және олардың композитін жасау мүмкіндігіне талдау жүргізеді. «Жасырын» мемлекеттік қызметтерді талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу үшін анықталған жоқ, композиттік қызметтерді оңтайландыру және құру бойынша ұсыныстар жоқ.

28-тармақ. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік мүлікті, оның ішінде қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақытта жеке қызметтік емес мақсаттарда заңсыз пайдалануына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау

Тереңкөл ауданының әдеп жөніндегі уәкілінің функциялары жүктелген мемлекеттік қызметшілерге аудан әкімі аппаратының басшысы қызметтік автокөлікті мақсатты пайдалану бөлігінде заңнама талаптарының сақталуы тақырыбында ауылдық округтер әкімдерімен және ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшыларымен тұрақты негізде түсіндіру әңгімелерін өткізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 12) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10-бабының лауазымды және өзге де адамдардың қызметтік көлікті жеке мақсаттарда пайдалануына жол бермеу бөлігіндегі талаптары түсіндіріледі.

Бүгінгі күнге лауазымды тұлғалардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалану фактілері тіркелген жоқ.

29-тармақ. Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, қызметкерлердің, әсіресе мамандар мен орта буын басшылары деңгейінде ішкі бақылау мен тәртіпті күшейту

Жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында жер қатынастары бөлімінің басшысы тұрақты негізде бөлім қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Одан басқа, 2021 жылдың 1 тоқсанында бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияның отырысында ауданның жер қатынастары бөлімі басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау туралы есебі тыңдалды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Nur Otan» партиясының алаңында «Nur Otan» партиясы Тереңкөл аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, онда Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының есебі тыңдалды.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жер қатынастары бөлімінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

33-тармақ. Коммуналдық меншікті жалға (субарендаға) беру мониторингін жалға беру төлемдерінің уақытылы түсуі мәніне, төлемдердің мерзімі өткен кезінде талап-арызды қамтамасыз ете отырып әрекеттер жүргізу

«Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жалдау төлемдерінің уақытылы түсуі мәніне коммуналдық меншікті жалға (субарендаға) беруге тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

Бүгінгі күнге ауданда коммуналдық меншікті жалға берудің 3 шарты тіркелген, «Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ, «EKO-StroiProekt» ЖШС шағын кәсіпкерлік субьектісімен және ИП «Арсен».

«Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ-дан жалдау төлемдері уақытылы түсуде, «EKO-StroiProekt» ЖШС бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін мораторийдің енгізілуіне байланысты төлемдердің мерзімі кейінге қалдырылды.

Төлемдерді кешіктіру жоқ, талап-арыз жұмыстары жүргізілген жоқ.

36-тармақ. «Электрондық үкімет» порталының жұмыс істеу қабілетіне, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігіне мониторинг жүргізу, жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар жіберу

Ауданның жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайынғы негізде «Электрондық үкімет» порталының жұмысқа қабілеттілігіне талдау жүргізеді. Талдау нәтижелері бойынша техникалық кемшіліктерді жою және мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар цифрлық технологиялар басқармасына жолданады. 2021 жылы 2 хат жолданды.

37-тармақ. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментке және жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізе отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу үшін мүмкін болатын жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің болуы тұрғысынан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың функцияларына талдау жүргізу

Ауданның барлық мемлекеттік мекемелерімен тоқсан сайын «жасырын» мемлекеттік қызметтердің бар болуы мәніне функцияларға талдау жүргізіледі. Талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізу үшін «Жасырын» мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ, композиттік қызметтерді оңтайландыру және құру бойынша ұсыныстар жоқ.

38-тармақ. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне мониторинг жүргізу

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу мақсатында аудан әкімі аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша бақылау іс-шаралары жүргізіледі.

Осылайша, Тереңкөл ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі 2021 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау тұрғысынан 10 бақылау іс-шарасы өткізілді.

Бақылау іс-шаралары барысында 108 бұзушылық анықталды, оның ішінде:

- Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етудің 4 фактісі;

- Қызмет алушылардан артық құжаттарды талап етудің 28 фактісі;

- Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетудің 31 фактісі;

- Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді уақтылы енгізбеудің 3 фактісі;

- Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырудан, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына оқытудан өтпеудің 7 фактісі;

- Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есептік нысанда көрсетілген қате деректерді ұсынудың 35 фактісі.      Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 43 ұсыным әзірленді. Барлығы орындалды.

Жіберілген бұзушылықтар үшін «Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі ескерту түрінде, «Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы сөгіс түрінде, «Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ заң қызметінің азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы бас маманы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тереңкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға сапалы көрсету үшін қажетті жағдайлар жасалған. Ғимараттар пандустармен, тұтқалармен, шақырту батырмаларымен, ақпараттық стендтермен, күту және қызмет көрсету орындарымен жабдықталған.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі тұрақты бақылауда.

 

 

 

Дата публикации
14 января 2022
Дата обновления
14 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы