
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 25 наурыздағы № 2 Қаулысы негізінде Тереңкөл ауданының Тереңкөл ауылдық округінің шекараларында Тереңкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылды.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14, 113-1 бабтарына сәйкес, Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 25 наурыздағы № 3 Қаулысы негізінде Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 24 сәуірге белгіленді.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы