Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Қайырлы күн! Өткен жылы ЕАЭО елдерінің азаматтары үшін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісім күшіне енгенін оқыдым. Алайда өзім Тәжікстан азаматымын және біздің ел ЕАЭО құрамына кірмейді. Алматыда сауда-саттықпен айналысамын. Білгім келгені, менің Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысуға құқығым бар ма және жұмыс берушім мен үшін зейнетақы жарналарын төлеуге тиіс пе?

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.

ҚР Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіпке сай Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар деп танылады.

Мәселен, ҚР «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктің жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты болып табылады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктердің Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы бар.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) автоматты түрде өтінішсіз ашылады:

- 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу үшін;

- 2021 жылдың 1 мамырынан бастап ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін;

– 2021 жылдың 26 қазанынан бастап міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу үшін.

Бұл ретте жеке зейнетақы шотына МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ аудару үшін тұлғаның жеке басын куәландыру үшін төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген оның дербес деректері (т.а. ә., ЖСН, туған күні) арқылы жүзеге асырылады, ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат деректемелері, тұрақты тұратын жері, және өзге де барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Дата публикации
16 марта 2022
Дата обновления
16 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы