
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында «Песчан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ құқықтық сауаттылықты арттыруға, заңдылықты нығайтуға, қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауға бағытталған белгілі бір жұмыстар жүргізеді. Ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктерді және нормаларды анықтау мәніне ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Жүргізілген талдау нәтижесінде нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормалар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында белгіленген тыйымдар мен шектеулерді сақтамау жағдайларын анықтау, сондай-ақ қызметкерлердің міндеттерін орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоғарыда көрсетілген тыйымдарды бұзу ауылдық округ әкімі аппаратында анықталмаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауда халыққа мемлекеттік қызмет көрсету маңызды рөл атқарады. Бекітілген Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметтердің бес түрі ұсынылады. Тұрғындар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде шағымдар түскен жоқ. Ауылдық округ әкімінің аппаратымен жыл басынан 3 мемлекеттік қызмет және сервистік әкімдік арқылы 4 қызмет көрсетілді.
Тоқсан сайын ауылдық округ әкімінің азаматтарды жеке қабылдау кестесі жаңартылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша іс-шаралардың бірі азаматтардың өтініштерін уақытылы қарау болып табылады. Ауыл тұрғындарын толғандыратын проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында ауылдық округ әкімімен азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі. Барлық өтініштер бойынша уақытылы жауаптар жергілікті жерде және шығумен беріледі.
Тұрақты түрде ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыскерлермен мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орындарында және жұмыстан тыс уақытта қызметтік этика ережелері, жұмыс тәртібі, сыбайлас жемқолыққа қарсы заңнама бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған тұлғаларың жауапкершілікке тарту туралы ақпараттар жеткізіледі.
Песчан ауылдық округі әкімінің аппаратымен өткізілетін барлық жұмыстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтауына бағытталған және мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлық көріністері деңгейін төмендетуіне міндетті шарты болып табылады.
«Песчан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ