
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау мақсатында 2022 жылғы 27 қаңтарда ZOOM бейнебайланыс режимінде Тереңкөл ауданы жергілікті атқарушы органдарының 2021 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептерін көпшілік талқылауы өткізілді.
Отырыстарда Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, әкімдіктің дербес бөлімдерінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есептері тыңдалып, талқыланды.
Отырыстарға мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қызмет алушылар, мүдделі жеке және заңды тұлғалар қатысты.
Жария талқылаулардың қорытындысы бойынша барлық ақпарат назарға алынды, көрсетілетін қызметті алушылардан келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін тиісті ұсынымдар әзірленді.
Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты