Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қызмет көрсету барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде мақала.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тереңкөл аудандық аумақтық инспекциясы бүгінгі күні «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бектіу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына сәйкес, төрт мемлекеттік қызмет көрсетеді;

  • КарантингежатқызылғанөнiмдiҚазақстанРеспубликасыныңаумағындатасуғакарантиндік сертификат беру"
  • «КарантингежатқызылғанөнiмдiҚазақстанРеспубликасынантысжерлергеәкетугефитосанитариялық сертификат беру"
  • «Ғылыми-зерттеумақсатындакарантиндікобъектілерді (карантиндікзияндыорганизмдерді) әкелудікелісу"
  • Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге  асыратын объектілер ге есепке алу нөмірін беру"

2020 жылдың қорытынды ақпаратына сәйкес, инспекциямен 62 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру кезінде 35 мемлекеттік қызмет көрсетілген  электрондық нысанда, және карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру кезінде 27 мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетілді. Жалпы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету үлесі 100 пайызды құрайды.

         2021 жылдың 11 ай ішінде, 44 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру кезінде 19 мемлекеттік қызмет көрсетілген және карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру кезінде 25 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету толық «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылды.

         Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінде карантинге жатқызылған өнімдерді экспортау көлемі 2021 жыл басынан – күнбағыс  0,300 мың тонна, зығыр 0,040 мың тонна, қыша 0,066 мың тонна қүрады.

         Өсімдіктер карантині саласында барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

   Сонымен бірге, «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы  11 ақпандағы N 344-I Заңы 13-і-бабы 5-тармағына сәйкес,   Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сертификаттың, карантиндік сертификаттың бар-жоғын анықтайды, көлiкті, карантинге жатқызылған өнiмді сыртқы қарап тексеруді жүргiзедi, өсiмдiктер зиянкестерiн, ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер уәкілетті ұйымға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi.

«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығының 27 тармағының                                          2 тармақшасына және 49 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметтік көрсету барысында жауапты маман карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін, көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен, қажет болған жағдайда, үлгілерді іріктей отырып, карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге барады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат қалалық және аудандық деңгейдегі әкімшіліктің ресми сайттарында орналастырылады.

Сыбайлас жемқорлық туындауын алдын алу және заң бұзушылық іс-әрекеттерді анықтау үшін, Тереңкөл аумақтық инспекциясы ғимараттарында «сенім телефоны» ұйымдастырылған және жұмыс істейді, ол бойынша азаматтар осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндік алады. Мемлекеттік қызметті алушылар үшін, қолжетімді жерлерде «ескертулер, ұсыныстар мен пікірлер үшін» арнайы жәшіктер орнатылған.

Инспекция басшысы және орынбасарымен жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.

Инспекция және инспекцияның ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмыс жүргізеді. Талдау нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау тұрғысынан жүргізіледі. Көрсетілген іс-шаралар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ инспекция жұмысының ашықтығы мен айқындығына бағытталған.

 

Баяндаған ҚР АШМ АӨК МИК Тереңкөл аудандық аумақтық инспекциясы ММ басшысының міндетін атқарушысы Ахметов А.З.

Дата публикации
30 декабря 2021
Дата обновления
30 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы