Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Тереңкөл ауданында 2021 жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру аясында Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 33 қаулысымен жоғарыда көрсетілген стратегияны іске асыру жөніндегі 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Дербес жауапкершілікті арттыру мақсатында өткізілетін аппараттық кеңестерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыс туралы мемлекеттік органдар басшыларының есептері тұрақты түрде тыңдалады. Осылайша, 2021 жылдың өткен кезеңінде аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық саясат және тілдерді дамыту бөлімі, қаржы бөлімі басшыларының, сондай-ақ Октябрь, Байқоныс, Бобровка, Калиновка, Федоровка, Жаңақұрылыс, Верненка ауылдық округтері әкімдерінің есептері тыңдалды.

Тоқсан сайын құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияның отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері қаралады.

2021 жылдың өткен кезеңінде ауданның мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі, жер қатынастары бөлімі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшыларының есептері тыңдалды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек және қазан айларында «Nur Otan» партиясының алаңында «Nur Otan» партиясының Тереңкөл аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, онда Тереңкөл ауданының жер қатынастары бөлімі, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшыларының, Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2015-2025 жылдарға арналған «Nur Otan» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын» іске асыру туралы есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, Тереңкөл ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысында Тереңкөл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ТКШ бөлімі басшыларының, Воскресенка және Ивановка ауылдық округтері әкімдерінің есептері тыңдалды.

Айта кету керек, есепті кезеңде ауданның мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау фактілері болған жоқ.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс ауданның мемлекеттік мекемелерінің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Мәселен,                       2021 жылдың өткен кезеңінде 239 өтініш қарастырылды, WhatsApp арқылы 33 қаралды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс бойынша жүргізілген талдау аудан тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелер тұрғын үй беру, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері болып табылатынын көрсетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында 2021 жылы аудандық бюджеттен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізуге 801 мың теңге бөлінді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 4 семинар, бір дебаттық турнир, КТК, сауалнама, бейнероликтер конкурсы және буклеттер тарату қарастырылған. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының негізінде іс-шараларды өткізу үшін «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігімен шарт жасалды. Шартқа сәйкес 2021 жылғы                         15 қазаннан бастапа 25 қазан аралығында аудан жастары арасында «Парасатты отбасы» байқауы өткізілді, ағымдағы жылғы 18 қарашада конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауға жергілікті әлеуметтік желілерде орналастырылған 14 бейнеролик қатысты. Ең үздік үш бейне Тереңкөл ауылындағы LED-экранда орналастырылды, сондай-ақ 11 мың адамды қамтыған 16 әлеуметтік желіде жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігі                           18 қарашада Тереңкөл ауданының мемлекеттік қызметшілері үшін ZOOM режимінде «Қоғамдық бақылау және мониторинг» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Саида Таукелованың қатысуымен семинар ұйымдастырды. Семинарға ауданның барлық деңгейдегі 51 мемлекеттік қызметшісі қатысып, өзекті сұрақтарға жауап алды.

Аудан жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «ALDASPAN жастар орталығы» жастар орталығында «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжі» студенттері мен Тереңкөл ауылының жоғары сынып оқушылары арасында дебаттық турнир өткізілді. Турнир қорытындысы бойынша «Үздік спикер» номинациясы бойынша – «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжінің» 2 курс студенті Сорокин Вадим, «Үздік спикер» номинациясы бойынша – «Тереңкөл ауданының аграрлық – техникалық колледжінің»                                  1 курс студенті Мельников Михаил, «Ең сенімді» номинациясы бойынша -               А. Ёлгина  атындағы № 1 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Бақтыбай Әмина-жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өткізілген іс-шаралар облыстық ERTIS TV телеарнасында көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында аудан тұрғындарына 500-ден астам буклет таратылды және сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша, іс – шара ауданның 970 тұрғынын (16-29 жас-475 адам), (30-55 жас аралығындағы 344 адам) және (55 жас-151 адам) қамтыды. Айта кету керек, сауалнамаға Жаңақұрылыс, Верненка, Тереңкөл ауылдық округтерінің жастары мен жеке кәсіпкерлері белсенді қатысты, бұл 525 адамды құрады (сауалнамаға қатысушылардың 54,4%).

Барлық өткізілген іс-шаралар санитарлық-эпидемиялық нормаларды сақтай отырып, онлайн және жеке кездесулер ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылды. Сондай - ақ аудандық БАҚ «Тереңкөл тынысы» және «Заря» басылым беттерінде (24 мақала), «Сарыарқа-самалы» облыстық басылымдарында «Звезда прииртышья» (4 мақала) және республикалық сайтта «inform.kz» (1 мақала) әлеуметтік желілерде 22 материал жарияланды. Жалпы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2020 жылы 3500 адам қамтылды, 2021 жылы бұл көрсеткіш 4850 адамға жетіп, аудан халқының 24,5% құрады.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдайды, толығымен көрсетілетін қызметті алушы ретінде халықтың сұрауларына бағдарланады.

2021 жылдың 11 айында Тереңкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 5 099 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы - 1 432 мемлекеттік қызмет (28 %), Мемлекеттік корпорация арқылы - 841 мемлекеттік қызмет (16,5%), көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 2 824 мемлекеттік қызмет (55,4%), баламалы негізде – 2 мемлекеттік қызмет (0,04%).

Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін аудан әкімінің сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» бөлімі жұмыс істейді. Бұл бөлімде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңы, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ақпараттық Мақалалар, Қазақстан Республикасының                        2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі                        2021 жылға арналған Тереңкөл ауданының іс-шаралар жоспары және т. б. орналастырылған.

Аудандағы барлық мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық әрекетіне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта плакаттар орналастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз өзара іс-қимылда жүргізіледі. Аудандық «Тереңкөл тынысы» және «Заря» газеттерінде сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы материалдарды орналастыру үшін тақырыптық айдарлар ашылды.

2021 жылдың өткен кезеңінде 25 мақала жарияланды.

Аудан орталығында және ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда өтініштер үшін бірыңғай телефон нөмірін көрсете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта билбордтар орналастырылды.

Ағымдағы жылдың басынан «ANTIKOR LIVE» өңірлік акциясы аясында Facebook әлеуметтік желісінде 20 тікелей эфир өтті, оған аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округтер әкімдері, сондай-ақ ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті бекіткен кестеге сәйкес, апта сайын «Адал көмек» жобасы аясында тікелей эфирлерде ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары халық үшін өзекті тақырыптарға сөз сөйлейді.

Осылайша, ағымдағы жылдың басынан бері «Адал көмек» жобасы аясында Facebook әлеуметтік желісінде 92 тікелей эфир өтті.

Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында тоқсан сайын аудан мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізіледі.

2021 жылдың бірінші және екінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ауданның барлық мемлекеттік мекемелерінде, соның ішінде ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында жүргізілді.

«Ертіс адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы аясында                                 2020 жылғы 22 мамырдан бастап біздің ауданда «OPEN TERENKOL» сервистік әкімдігі өз жұмысын бастады. Аталған орталықта жұмыспен қамту, білім беру, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің 37 түрлі мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

2020 жылы кеңес алу үшін ауданның 14 тұрғыны жүгінді, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 50 адам.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда сервистік әкімдікті тұрғындар үшін ыңғайлы жаңа ғимаратта орналастыру жұмыстары аяқталуда.

2021 жылғы 5 сәуірден бастап «АLDASPAN жостар орталығы» жастар орталығының базасында Тереңкөл адалдық алаңы жобалық кеңсесі өз жұмысын жүргізуде, оның басшысы болып аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі          Б.М. Мерқашев тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Дата публикации
15 декабря 2021
Дата обновления
15 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы