Акимат района Тереңкөл

Меню

Страницы

Статья

Қайтыс болған туысын жерлеуге және жинақтауға арналған біржолғы төлемді қалай алуға болады?

Алушы, сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және зейнет жасына (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2021 жылы 60 жасқа толғанда, олардың жасы 2027 жылы 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын 6 айға артып отырады) толмаған адам  қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген (2021 жылғы АЕК – 2 917 теңге), бірақ жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) қаражаттан артық емес мөлшері шегінде жерлеуге арналған біржолғы төлем жасайды.

           Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраса, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.

          Егер осы төлемнен кейін жеке зейнетақы шотында жинақтар қалса, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

           Алушы қайтыс болған  жағдайда БЖЗҚ-дан (жерлеуге/мұрагерлерге) зейнетақы төлемдерін алуға және мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-да ресімдеуге арналған құжаттар тізбесімен Қордың enpf.kz ресми сайтында танысуға болады

          «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері салық салынуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.

           БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстап қалу тәртібі туралы толық ақпарат Қордың сайтында «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі» бөлімінде жарияланған.

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

Дата публикации
04 ноября 2021
Дата обновления
04 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Aудиopоликтep
21 октября 2026
Видеороликтер
Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы