
2021 жылғы 06 қазанда Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2021 жылғы 17 қазанға тағайындалған Тереңкөл ауданының Калиновка ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.
Тереңкөл ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы сайлау комиссиясының төрағасы Мартыненко Евгения Владимировна баяндама жасады.
Ол 2021 жылғы 06 қазанға сағат 18-дегі жағдай бойынша Тереңкөл ауданының сайлау комиссиясы Тереңкөл ауданы Калиновка ауылдық округі әкіміне ұсынылған 3 кандидаттың 3-ін тіркегенін хабарлады.
Тіркелген кандидаттар қатарында 1 (33%) ер адам және 2 (67%) әйел адам.
Мамандықтар бойынша: 3 – мұғалім.
Кандидаттар арасында: 1- бюджеттік ұйымның қызметкер, 2 - мемлекеттік қызметшілер.
2021 жылғы 6 қазанға сағат 18.00-ден бастап Тереңкөл ауданының ауылдық округтері әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 16 қазанда күні сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.
Тереңкөл ауданының Калиновка ауылдық округі әкімдікке кандидаттардың тізімі:
|
р/с№ |
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
|
Туған жылы |
Атқаратын лауазымы (кәсібі) жұмыс және тұрғылықты жері |
|
1 |
Жұмажанова Маххабат Кенжетайқызы |
1992 |
«Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Байқоныс ауылы |
|
2 |
Мукурова Әлия Бейсембайқызы |
1979 |
«Октябрьск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Октябрьск ауылы |
|
3 |
Рыспеков Санджар Кұнанбайұлы |
1993 |
Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің "ALDASPAN жастар орталығы" КММ директоры, Тереңкөл ауылы |